Қазақ футболының аңызы Сейілда Байшақов дүниеден озды

2397
Adyrna.kz Telegram

Қазақ футболының аңызы, Футбол ардагерлері одағының президенті, Қазақстан футбол федерациясы президентінің кеңесшісі Сейілда Байшақов 73 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Сейілда Икрамұлы КСРО спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР еңбегі сіңірген жаттықтырушысы болды. Ұзақ жылдар бойы алматылық «Қайраттың» капитаны болып, КСРО ұлттық құрамасында ойнады.

Сейілда Байшақовтың отандық футболдың дамуына қосқан үлесі орасан. Ел футболы үшін аянбай еңбек етіп, жас ұрпаққа үлкен тәлім-тәрбие берді. Сейілда Икрамұлының туысқандары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Сейілда Байшақов есімі біздің жүрегімізде мәңгі қалады»,—деп жазды Қазақстан футбол федерациясы.

Пікірлер