Түркістанда жоғалып кеткен 4 жасар баланың денесі табылды

5183
Adyrna.kz Telegram
Фото: Түркістан облысы ҚПД баспасөз қызметі
Фото: Түркістан облысы ҚПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында жоғалған 4 жасар Бақыт Айбардың денесі табылды, деп хабарлайды “Адырна” тілшісі.

4 жасар бүлдіршіннің денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылған.

“Үздіксіз жүргізілген іздеу жұмыстары нәтижесінде 3 желтоқсан күні түстен кейін 4 жасар баланың денесі көрші үйдің жанындағы кәріз құдығынан табылды. Баланың денесін медициналық сарапшылар тексереді, ал мәйіттен зорлық-зомбылық пен қандай да өлім белгілері табылмады. Қазіргі уақытта оқиға орнында жедел-тергеу тобының қызметкерлері, полиция департаменті мен прокуратура басшылығы жұмыс жасауда. Болған оқиғаның толық мән-жайы анықталуда”, – делінген құзырлы орган таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Түркістан қаласының полициясына баланың жоғалғаны туралы хабарлама келген. Сол сәттен-ақ  полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеу жұмыстарын бастаған болатын. Алайда Бақыт Айбар өлі күйінде табылды.

Пікірлер