Сауда орталығында төбелескен боксшы Бейбіт Шүменовті қандай жаза күтіп тұрғаны белгілі болды

2308
Adyrna.kz Telegram

Даудың астында қалған бокс чемпионы Бейбіт Шүменовке екі жылға дейін бас бостандығынан айырылу жазасы төніп тұр, деп хабарлайды "Адырна" порталы.

Кәсіби боксшы Бейбіт Шүменов баласы бар адамға шабуыл жасағаны бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Оқиға 18 маусымда елорданың сауда және ойын-сауық орталықтарының бірінде болды.

“Шабуылдаушының іс-әрекетінде қылмыстық құқықбұзушылық құрамы бар екеніне байланысты бірнеше рет өтініштер жасалса да, олар назардан тыс қалды. БАҚ қосылып, бұл бейнежазба көпшілікке жария болғаннан кейін ғана жедел реакция болды. Кешеден бастап сотқа дейінгі тергеу басталды”, –  деді жәбірленуші тараптың адвокаты Қанат Тілеужан.

ІІМ жанжал фактісі бойынша "Бұзақылық"бабы бойынша іс басталғанын хабарлады.

“Осы оқиғаның мән-жайы анықталуда. Сонымен қатар, полиция қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексеру тағайындалды, оның нәтижелері бойынша құқықтық бағалау беріледі”, – деді қалалық ПД ресми өкілі Нұралы Тәңірбергенов.

Қазір зардап шеккен тарап, адвокаттың айтуынша, шақырту қағазын күтуде. Балаға медициналық сараптама тағайындалды. Бокстан бұрынғы әлем чемпионы екі жылға дейін бас бостандғын шектеу немесе бас бостандығынан айырылу жазасын алуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, Астанадағы ірі сауда және ойын-сауық орталығының тамақтанатын орнында төбелес болғаны хабарланды. Ішкі істер министрлігі бұл боксшы Шүменов екенін растап, тергеу басталғанын айтты. Кейін Шүменов бұл оқиғаға балалар арасындағы кикілжің себеп болғанын мәлімдеді.

Пікірлер