Бүгін – ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті құрылған күн

1578
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 13 шілде ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылғанына 31 жыл, деп хабарлайды "Адырна" порталы. 

1992 жылы шілденің 13-і күні Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті болып қайта құрылды. Тәуелсіз Қазақстанның ұлттық қауіпсіздік органының тарихы осы күннен бастау алады.

ҰҚК басты қызметтері:

  • мемлекеттің, қоғамның, тұлғалардың қауіпсіздігі жолында мемлекеттік қауіпсіздік шараларын құрастыру және жүзеге асыру.
  • Қазақстан Респбликасына қажетті болған барлау қызметін жүзеге асыру ;
  • Қазақстан Республикасының қауіпсіздігіне қауіп төндіретін басқа мемлекеттік немесе жеке тұлғалардың барлау қызметтерін анықтау, тексеріп жолын кесу.
  • Қазақстан Республикасының біртұтастығына нұқсан келтіруі мүмкін болған, конституцияның күштеп өзгертілуіне немесе жойылуына әкелуі мүмкін болған террористтік не басқа да қызметтерді анықтап жолын кесу.
  • Қазақстан Республикасының Президентін, мемлекеттік органдарды, Қарулы күштерді және басқа да әскери ұйымдарды бейбіт және соғыс кезінде байланыспен қамтамасыз ету.
  • Мемлекеттік және бақа да ұйымдарда, әскери қызметтерде шифрлік қызмет ұйымдастыру.
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын күзету және қорғау.
Пікірлер