СЕРІК ӘБІКЕНҰЛЫ: Аутсорсинг деген арсыздың кәсіби журналистиканың жолын бөгеп, ақшаны жалмап жатқанын сан мәрте айттық, ешкім елемейді.

1256
Adyrna.kz Telegram

Тілі орыс-қазақша шалдыр-шатпақ бір бағдарламаға жылына 540 млн теңге бөлінеді дегенді оқыдым. Бұл біздің ақпараттық кеңістіктің бүгінгі күйі.

Аутсорсинг деген арсыздың кәсіби журналистиканың жолын бөгеп, ақшаны жалмап жатқанын сан мәрте айттық, ешкім елемейді. Аймақтағы тәулігіне 17 сағат жұмыс істейтін, 20 журналиспен аптасына 20-30 хабар шығарып отырған телеарналардың жылдық бюджеті ана сомаға жетпейді. Сұмдық емес пе?

Ал қазақ ақпараттық кеңістігіне бөлінген орталықтағы миллиардтар түрлі шатпақ, халыққа берер түгі жоқ шоуларға, бір-бірінен атауы мен студиясы ғана бөлек, не жанрлық, не тақырыптық ерекшелігі жоқ кіл кейіпкерлер туралы бағдарламаларға кетіп жатыр аутсорсинг арқылы.

Ақпарат аштығының, ел күйін шоумен бүркеудің ақыры қандай болғанын қаңтарды көзбен көрген медиа-менеджерлер түсінбегені өкінішті.

 

Serik Abikenuly

 

 

Пікірлер