Жалғас Жұмағұлов UFC-ден шығарылды

3989
Adyrna.kz Telegram

Аралас жекпе-жек шебері Жалғас Жұмағұлов (14-9) UFC файтерлері тізімінен шығарылды. Бұл туралы UFC Roster Watch Twitter-де жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Ол UFC-де 1 рет жеңіске жетіп, 6 рет жеңілді.

Айта кетейік, спортшының соңғы жекпе-жегі 24 маусымда өтті. Жалғас Жұмағұлов UFC дебютанты америкалық Джошуа Ваннан кездесіп, ұтылып қалды.

Пікірлер