Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

1470
Adyrna.kz Telegram

Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Үкімет қаулысымен Марат Мұхаметқалиұлы Күлдіков берген өтінішіне сәйкес ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды»,—делінген хабарламада.

Бұған дейін вице-министрдің
өз еркімен қызметінен босату туралы рапорт жазғанын хабарлаған едік. Еске салсақ, Абай облысындағы өрт кезіндегі жедел штаб отырысында Президент Марат Күлдіковтің сөзін бөліп, министрлік жұмысына сынға алған болатын.

Пікірлер