ОҢҒАР ҚАБДЕН: Әкесі Сарыағаштағы балақайдың өліміне полиция кінәлі деді. Алматыда бір бүлдіршін өгей шешесінің қолынан өлім құшты. Сот пен полицияны қайтадан құру керек сияқты!

1704
Adyrna.kz Telegram
Сарыағаштағы балақайдың өліміне полиция кінәлі деді баланың әкесі. Бостандығы шектелген адамды қарамаған, бақыламаған. Сондықтан қылмысқа солар жауапты, қатаң жазалануын талап етемін дейді зар жылаған әке.
Алматыда тағы да бір бүлдіршін өгей шешесінің қолынан өлім құшты. Қылмысқа күдікті қоғам белсендісі Балжан Тұрлыбек. Аула сыпырушы болып істейтін, өзінен 15 жас кіші күйеуінің қызын қылқындырып өлтірген.
Көршілері қанша мәрте өгей шешесі қызды ұрады деп арыз шағым түсірсе де, полиция істі қарамаған деп отыр.
Біздің сот пен полицияны таратып жіберіп, қайтадан құру керек сияқты!

 

Пікірлер