Шымкентте олигарх Серікжан Сейтжанов коттеджінің өртенгені хабарланды

1828
Adyrna.kz Telegram

Шымкентте олигарх Серікжан Сейтжановқа тиесілі коттедждің өртке оранғаны хабарланды. Өрттің қалай күш алғаны желіде жарияланды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Сейтжановтар отбасына "Оңтүстік" ФТПК тиесілі.  Олар "Оңтүстік арқылы" "Саутс Ойл" Мұнай ЖШС-ның 51% иелік етіп отыр.

Сонымен қатар Smart-Oil бұрғылау компаниясы, "МұнайҚұрылысСервис" Құрылыс ЖШС, "Стандарт Цемент" зауыты, "КАС-бетон" ЖШС, "Ақ-жол ТрансСервис" ЖШС, "Стандарт Ресурсис" ЖШС.  "Standard Petroleum & Co" Сауда ЖШС және Talas Investment Company цианидтер өндіру зауытындағы үлестері де бар.

Мұнымен қоса алғанда Сейітжановтардың отбасына Rixos Khadisha Shymkent, Rixos Turkestan Қонақ үйлері, Satti Zhol ЖҚС желісі, Оңтүстік Қазақстан медициналық академиясы және Шымкенттегі инновациялық-технологиялық колледжі тиесілі екендігі хабарланды.

Сейітжанов - Шымкенттегі химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қамқоршылық кеңесінің мүшесі, ал елдегі ең ықпалды бизнесмендер тізімінде 12-ші орынға жайғасқан олигарх.

Орайы келгенде айта кетейік, 2018 жылы Сейтжановтың немересі (Әміржан) Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының қызы Аружанмен шаңырақ көтерген үйленген еді.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер