Шығыста Абай ескерткішін шимайлағандардың заңды өкілдеріне айыппұл салынды

1588
Adyrna.kz Telegram

Өскеменде Абай ескерткішінің тұғырын шимайлаған жасөспірімнің заңды өкілдеріне айыппұл салынды.  Мұндай шешім «кәмелетке толмағандар вандализмі» бабы бойынша әкімшілік іс аясында қабылданды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Жергілікті полиция 10 шілдеде Абай ескерткішіне белгісіз біреулердің сурет салып кеткені туралы ақпарат алған. "Шимай сүйген шалағайлар" видеобақылау камералары арқылы анықталды.

Шығыс Қазақстан облыстының полиция департаменті бұған қатысты:

«2 шілде күндіз кәмелетке толмаған үш жасөспірім ескерткішке велосипедпен келген. Олардың бірі ескеркішке жазу жазып кетті»,- деп жазды.

«Суретші» табылып, сотқа «кәмелетке толмағандар вандализмі» 448-бабы бойынша әкімшілік іс берілді. 13 шілдеде сотта қаралды.

Айта кетейік, бұл бап бойынша жасөспірімдердің ата-анасы немесе заңды өкілдері жауапқа тартылады. Атап айтқанда, 15 АЕК немесе 51750 теңге айыппұл салынды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер