Швеция полициясы Таурат пен Інжілді өртеу туралы өтінішке келісті

2017
Adyrna.kz Telegram

Швеция полициясы сионистік елшілік алдында Тәурат пен Інжілді өртеу шеруін өткізу туралы өтінішке келісім бергені хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 

Швеция ақпарат құралдары швед полициясының еврейлер мен христиандардың қасиетті кітаптарын өртеуге рұқсат беру өтінішіне келіскенін және митинг осы сенбіде Стокгольмдегі Израиль елшілігінің алдында өтетінін хабарлады. Алдыңғы хабарларда бұл өтінішті 30 жастағы ер адам жасағаны айтылған. Өтініш иесінің айтуынша, «мұндай митинг Стокгольм мешітінің алдында Құранның өртелуіне жауап, сонымен қатар бұл  сөз бостандығын қолдау символдық митингі».

Естеріңізде болса, 28 маусымда Стокгольмде Ирактан келген 37 жастағы иммигрант Салван Моника Құран беттерін жұлып алып, аяқ киімін сүртті, нанмен бірге өртеді. Ол бұл акцияны Құрбан айттың бірінші күні Швеция астанасындағы мешіттің жанында өткізді. Құранды өртеу  бүкіл әлем мұсылмандарының қатты реакциясын тудырды.

Рим Папасы Франциск те Швеция астанасында өткен Құранды өртеу әрекетін айыптады. 3 шілдеде шыққан "әл-Иттихад" газетіне берген сұхбатында ол мұсылмандардың қасиетті кітабының өртенуін "жиіркенішті әрекет" деп атады.

Өзбекстан президенттігіне үміткер болған кезінде Шавкат Мирзияев Ташкент сайлаушыларымен кездесіп, Швециядағы қасиетті Құранның өртенуін қатыгездікке балады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер