Заңсыз құбылыстар сот шешімімен сүрілетін болды

433
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Шымкент қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары Бауыржан Аймағамбетов шаһардағы заңсыз автожуу нысандары бойынша баспасөз брифингін өткізді.

Бауыржан Ильясұлының айтуынша, басқарма тарапынан 36 автокөлік жуу иесіне қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылған.

—Шаһарда құрылысты жобалық құжаттамасыз салу, авторлық және техникалық қадағалаушыларсыз жүргізген автокөлік жуу орындарының иелеріне қатысты бірқатар заңсыздықтар анықталған.

2022 жылдан бері басқарма тарапынан сот органдарына 14 талап-арыз жіберілсе, қазіргі уақытта мәжбүрлеп бұзу туралы 8 талап-арыз сот шешімімен қанағаттандырылған.
Ал 5 автожуу иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанға дейін құрылыс нысандарын өз еркімен бұзды, - деді Б. Аймағамбетов.

Шымкент қаласының аудан аумақтарында заңсыз орналасқан кәсіпкерлік нысандардың иелеріне түсіндіру жұмыстары бойынша шаһарда жұмыс тобы құрылған еді. Тиісті басқармалар өз құзіреті шегінде жұмыс жүргізуде.

Басқарма басшысының орынбасары құрылыс салушыларды құрылыс процесіне қойылатын барлық талаптарды сақтауға шақырады.

Пікірлер