Жүк пойызы рельстен шығып кетті

1672
Adyrna.kz Telegram

Жамбыл облысында жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды “Адырна”.
17 шілде күні сағат 1:05-те Шу ауданы Аспара стансасында Түрксіб-Шу учаскесінде Тараз-Шу бағытындағы жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткені туралы ақпаратты «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі жариялады.

Абырой болғанда қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Алайда төтенше жағдайға байланысты жолаушылар пойыздары кешігуде. Олардың барлығы ауыз сумен қамтамасыз етіліп, вагондар жұмыс істеп тұр.

Өз кезегінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті жолаушыларға психологиялық қолдау көрсету үшін сенім телефонын жариялады: 8(726 )51-35-75, 8(726) 41-41-67

Пікірлер