3000 гектарға жайылған өрт оқшауланды

1297
Adyrna.kz Telegram

Абай облысында құрғақ шөптен шыққан өрт оқшауланды, деп мәлімдейді “Адырна”. 

15 шілде күні «101» пультіне Семей қаласынан 75 км қашықтықта орналасқан Көкентау ауылдық округінде өрт шықты.

Бүгін, 17 шілде күні 07:14 шамасында Көкентау ауылдық округінде құрғақ шөптің жануы басылған.

Жергілікті атқарушы органдардың жариялаған ақпараты бойынша жалын шарпыған аймақ - 3 000 гектарды құрайды.

Қызыл жалыннан өртке жақын елді мекендерге төнер қауіп жоқ.

Алауды ауыздықтау үшін Абай облысы ТЖД және 68303 әскери бөлімінің күш-құралдары, барлығы 115 адам және 18 техника жұмылдырылып отыр. Өртті сөндіру жұмысы жерүсті әдісімен жүзеге асып жатыр.

Пікірлер