Лагерь дауы. Алматы облысындағы мектепте 4 күн бойы балалар қамалып отыр

2535
Adyrna.kz Telegram

Әлеуметтік желіде Алматы облысында балалар лагеріне жіберілген балалар төрт күн бойы мектеп қабырғасында қамалып отырғаны айтылды, деп жазады "Адырна". Бұл туралы novosti.kazz парақшасы жариялады. 

Видео авторының мәліметінше Қаскелең қаласындағы лагерьге жіберілген балалар үйінегі мүгедек балалар Асау Барақ атындағы орыс-қазақ мектебінде төрт күн бойы қамалып отыр.

novosti.kazz парақшасының авторы мектепке күзетшілердің кіргізбегенін, балаларды көруге рұқсат бермей, астыртын шикіліктерін жасырып қалғысы келгендерін айтты:

"Балалар еріксіз түрде жатыр. Басқа лагерьге жібереміз дейді, бірақ 15-шілдеден бері мына мектепте жатыр. Мектеп директоры есікті ашпай отыр. Мына жақта не болып жатыр? Масқара! Балаларды көрсетпей отыр. Кіргізбей, ешқандай бала жоқ деп алдады. Байқұс балалар мынадай қапырықта қамалып отыр" деді ол.

Видеода Алматы қаласы «Жанұя» ҚМУ мамандандырылған кешенінің директоры Марина Маратқызы да бой көрсетті. Блогердің қойған сауалына не болып жатқанын бейхабар, лагерь мәселесі шешілмеген соң балаларын  әкетуге келгенін айтып жалтарды.

"Ұзынағаштағы лагерьге (сауна ғимаратындағы лагерь - Адырна) кету керек еді. Бірақ ол болмаған соң балаларды осында қалдыруға тура келіпті. Бізді де қамап кетті" деді ол.

Орын алған жағдайға қатысты Қарасай аудандық полиция департаменті ресми түсініктеме беретінін хабарлады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

 

 

Пікірлер