Бүгін - Денис Теннің өмірден өткеніне 5 жыл

1391
Adyrna.kz Telegram

Дәл осы күні, 19 шілдеде, осыдан тура бес жыл бұрын аты аңызға айналған қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенның өмірден өтті. 

Денис Тен 1993 жылы 13 маусымда Алматыда дүниеге келген. Ол атақты корей генералы Мин Гын Хоның ұрпағы. Мәнерлеп сырғанаумен қатар теннис, акробатика, таэквондо, каратэ, жүзу, би билеу және сурет салумен айналысқан.

Сонымен бірге ол музыка мектебінде фортепианода оқып, хорда ән айтты. Пусан қаласында (Корея) өткен хор олимпиадасының күміс жүлдегері атанды.

Денис Тен Сочи олимпиадасында Қазақстан құрамасына мәнерлеп сырғанаудан қола жүлдені әкелген.

Өкінішке қарай, ол 2018 жылы 19 шілдеде бұзақылардың қолынан қаза тапты.

Пікірлер