35 жерінен пышақтаған. Ақтөбедегі қайғылы оқиғаға қатысты тың дерек шықты

1808
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбеде облыстық әкімдік қызметкерін 35 жерден пышақтап өлтірген қаскөйдің жазасы ауырлады. Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бұған дейін ол 11 жылға сотталған болатын. Алайда істі қайта қараған апелляциялық алқа бұрынғы жазаға тағы төрт жыл қосып, сотталушыны 15 жылға бас бостандығынан айырды.

Осы кесіп тесілген дене жарақаттары қосарлана денсаулыққа ауыр зиян келтірген. Ішке және сыртқа қан көп кетумімен асқынған. Сол себепті өміріне қауіп төнген және өлімге алып келген, – делінген сот хабарламасында. 

Марқұмның туыстары кесілген жазамен әу баста-ақ келіспеген. Өйткені бірінші сот қылмыстық істегі аса қатыгездікпен деген бапты алып тастап, тек адам өлтіргені үшін соттапты. Бірақ қаскөйдің марқұмды пышақтаған соң, ес түссіз қансырап жатқанда қосымша бауыздағаны анықталды. Көзіне қан құйылған күдікті өлі денені жүксалғышқа тығып, екі күн жүргені де жан түршіктіреді. Сараптама оның психикалық ауытқудан ада екенін де растаған.

Еске салсақ, бұл қанды қылмыс осыдан 4 ай бұрын болды. Қылмыскер мен жалғызбасты ана ғаламторда танысқан. Жігіт өзін бойдақ және әйелден 6 жас үлкен екенін айтады. Алайда ақырғы кездесуінде марқұм көңілдесінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қалған. Содан туған жанжалдың арты екі баланы анасыз қалдырды. Облыстық әкімдікте жұмыс істейтін әйелдің көңілдесі көлігінің суырмасында жатқан пышақты алып, 35 жерінен сұққылаған.

Пікірлер