Қазақстанға Ресейден 72 компания көшіп келуі мүмкін

3575
Adyrna.kz Telegram

Ресейден Қазақстанға тағы 72 компания қоныс аударғалы жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитетінің төрағасы Ардақ Зебешев айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақстанға қоныс аударғалы отырған компаниялардың тізімі жасалды. Соңғы рет қысқартқанымызда 72 компания болды»,— деді ол шетелдік инвестиция тарту туралы брифингте.

Төраға компаниялардың қай облыстарға келуді жоспарлап отырғанын атап өтті.

«Көпшілігі шекаралас аймақтар, соның ішінде Қостанай облысы, Астана қаласы, Алматы қаласы мен Алматы облысына келуді жоспарлап отыр. Ұсынысымызға 72 компания оң жауабын берді. 29 компания көшіп келді. Бірақ бұл көрсеткіш алдағы уақытта өзгеретін болады»,—деп толықтырды Зебешев.

Пікірлер