Алматы облысының бірнеше ауылында сел жүрді

1921
Adyrna.kz Telegram

Алматы облысының бірнеше ауылында сел жүрді. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

21 шілде күні сағат 16:52-де Алматы облысы ТЖД кезекші бөліміне Қараарша ауылының Дегерес ауылдық округі елді мекенінде нөсер жауын-шашынның салдарынан еңіс ағын болғаны туралы хабарлама келіп түскен.

«Алматы облысы ТЖД, сондай-ақ Жамбыл ауданының жергілікті атқарушы органдарынан 30 адам және 2 бірлік техника күштері мен құралдары дереу оқиға орнына жіберілді. Оқиға орнына келгеннен кейін жауын-шашынның салдарынан және таулы өзендердің беткейлерінде 36 км (Шиен ауылы) және 54 км (Қараарша ауылы) "Ұзынағаш-Бесмойнақ" облыстық маңызы бар автомобиль жолында ағынының қалыптасуы салдарынан автожол төсемін тасқын су шайғаны анықталды. Қолданыстағы жасанды құрылыстар (құбырлар) су ағынына төтеп бере алмады. Нөсерлі кәріз жүйесі және жасанды құрылыстар (құбырлар) жоқ, осыған байланысты су ағынын ағызу жол төсемі арқылы жүреді. Жол бойында әртүрлі фракциялардың лайлары мен тастарынан шөгінділер пайда болды, салдарынан автожолдың осы учаскелерінде көлік қозғалысы жабылды. Сондай-ақ, орташа қысымды газ құбырының учаскесі (шамамен 70-80 метр) бүлініп, Шиен ауылдық округінің Шиен ауылының орталық көшесінде орналасқан 40-қа жуық үй ауладағы құрылыстарда су тасқыны болды»,—делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта Ұзынағаш-Бесмойнақ" облыстық маңызы бар автомобиль жолының 54 км жол қозғалысы қалыпқа қелтірілді. Жол төсемінде тастар мен балшықтан тазарту жұмыстары , арық желілері мен Ұзынағаш-Бесмойнақ тас жолының құбырлы өткелін тазарту жұмыстары жүргізілуде.

Қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пікірлер