Қатты жел Алматыдан Астанаға бара жатқан автобусты аударып тастады

2722
Adyrna.kz Telegram

Ұйғыта соқққан жел күшінен автобус аударылып қалды. Жолаушылар мінген көлік Алматыдан Астанаға бағыт алған. Оқиға Қарағанды облысы аумағында болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Полиция дерегінше, оқиға 21 шілде күні кешкі 17.30 кезінде Осакаров кентінен 10 шақырым жерде, Алматы – Екатеринбург тасжолында болған.

Қатты жел соғып тұрғанда 33 жастағы «Yutong» автобусының жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған. Салдарынан автобус аударылған.

Салонда 20 жолаушы болған, оның ішінде 65 жастағы ер адам дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.

Полиция сараптама тағайындады. Сараптама нәтижесіне қарай процессуалдық шешім қабылданатындығы айтылды.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер