UFC үміткері Бекзат Алмахан бразилиялық қарсыласын нокаутқа түсірді

4148
Adyrna.kz Telegram
Фото: sportx.kz
Фото: sportx.kz

Аралас жекпе-жектен қазақстандық спортшы Бекзат Алмахан (15-1) Алматыда өтіп жатқан «Октагон 47» турнирінің кешіндегі басты кездесуде өнер көрсетті. Бұл туралы Sports.kz жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ең жеңіл салмақтағы жекпе-жекте қазақстандық боксшы сегізбұрышта бразилиялық спортшы Матеус Глориямен (12-4-1) кездесті. Екінші раундтың басында-ақ Бекзат бразилиялық боксшыны басынан теуіп (хайкик) нокаутқа түсіріп, мансабындағы 16-шы жеңісіне қол жеткізді.

Еске салайық, соңғы жекпе-жегінде ол аргентиналық Мауро Мастромариниден басым түскен UAE Warriors промоутерлік жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.

Пікірлер