Сот реформасына қарсы шеруге қатысушылар Иерусалимге жетті

1220
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ohad Zwigenberg/AP/dpa/picture alliance
Фото: Ohad Zwigenberg/AP/dpa/picture alliance

Сот реформасына қарсы демонстранттар бірнеше күн бұрын Тель-Авивтен Иерусалимге кеткен, олардың колоннасы 70 шақырымға созылған. Бұл туралы Deutsche Welle мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпарат бойынша, Тель-Авив пен Иерусалимді байланыстыратын тас жолдың бойында шеруге қатысушылардың жүздеген көлігі тұр. Шерушілер колоннасы бірнеше шақырымға созылды. Тас жолда полицейлер мен су атқыштары бар көліктер кезекшілік етуде. Олар жолды бөгемей, оң жақ жолақты басып алып, көп шақырымдық көлік кептелісін тудырды.

Наразылық акциясын ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруге 20 мыңға жуық адам қатысуда.

Наразылыққа Израиль парламентінің Жоғарғы соттың атқарушы биліктің шешімдерін бақылау мүмкіндігін шектейтін заң жобасына түзетулерді бекітуі себеп болды. Бұл қадам Беньямин Нетаньяху үкіметі жүргізген сот реформасының іс жүзінде басталғанын білдіреді.

Пікірлер