Илон Маск Twitter логотипін өзгертеді

1328
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24.kg
Фото: 24.kg

Twitter әлеуметтік желісінің иесі Илон Маск брендтің логотипін өзгертетінін жариялады. Бұл туралы ол өз парақшасында жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Жақында Twitter брендімен және бірте-бірте бүкіл құстармен қоштасамыз, - деп жазды ол.

Сондай-ақ, ол өз парақшасында жаңа логотиптің кейбір нұсқаларын ұсынды.

Илон Масктың айтуынша, құс X-пен алмастырылады. Өйткені бұл адамдардың мінсіз еместігін, кемшіліксіз жан болмайтынын білдіреді екен.

Бұл бізді осындай бірегей етіп тұрған бүкіл кемшіліктерді көрсетеді, - дейді ол.

Одан бөлек, ол қолданушыларды жаңа логотипке үміткер ұсынып, ішінен үздігін таңдауға атсалысуға шақырды.

Егер бүгін кешке бәріне ұнайтын оңтайлы логотип табылса, күні ертең бүкіл әлем бойынша ребрендинг жасалады, деп жазды Илон Маск.

Пікірлер