Данияда Құран өртеу акциясы өтті

1106
Adyrna.kz Telegram
Фото: armenpress.am
Фото: armenpress.am
Копенгагенде Ирактың Даниядағы елшілігі ғимаратының алдында Құран көшірмелерін өртеу акциясы өтті. Арандату шарасын "Danske Patrioter" ("Дат патриоттары") тобының мүшелері ұйымдастырды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық пораталы.

Олар акцияны әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетті.

Ұйымдастырушылар бұл әрекетін Бағдадтағы Швеция елшілігіне жасалған шабуылға наразылық деп түсіндірді.

Акция полицияның күшейтілген күзетімен және БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен.

Пікірлер