Шу шығарған Шүменовке іздеу жарияланды

1921
Adyrna.kz Telegram

Сауда орталығында төбелескен боксшы Бейбіт Шүменов іздеуде.
Бұл туралы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарының ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды “Адырна”.

18 маусымда Астанадағы Mega Silkway сауда орталығынан мейрамханалардың бірінде жұдырықтасып кеткен екі ер адам арасындағы жанжал болғаны жарияланған еді. Жұдырықтасуға балалардың ойын алаңындағы кикілжіңі себеп болған. Осыған байланысты екі баланың әкелері сөзге келіп, соңы төбелеске ұласқан.
Келген полиция қызметкерлері жанжалға бұрынғы әлем чемпионы Бейбіт Шүменов пен Астана қаласының тұрғыны Азизбек Қадировтың қатысқанын анықтады.

Пікірлер