Елордада екі жасөспірім ВИЧ жұқтырған

1409
Adyrna.kz Telegram

Жыл басынан бері Астанада екі жасөспірім ВИЧ індетін жұқтырған, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл ақпаратпен Астана қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова брифингте бөлісті.

«Статистикаға сәйкес, жарты жыл ішінде Астана қаласында ВИЧ індетін жұқтырудың 206 жағдайы тіркелген. Жасөспірімдер арасында екі жағдай», - деді Сархат Бейсенова.

Сондай-ақ, ағымдағы жылдың 6 айының қорытындысы бойынша елордада инфекциялық, паразиттік, карантиндік және аса қауіпті инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланған.

Пікірлер