Энергетика министрі Қазақстанда АЭС салу бойынша конкурстың жалғасып жатқанын айтты

1346
Adyrna.kz Telegram

 Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет отырысынан кейін тілшілермен тілдесіп, бірқатар сауалдарға жауап берді. Сонымен қатар "Самұрық-Қазына" басшысы Нұрлан Жақыповтың атом электр станциясын салуға қатысты айтқан сөзіне пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Үкіметтің назарында тұрған жобалардың бірі – Атом электр стансасын салу. Тиісті Жол картасы бар, қазір соның аясында нысан салынатын орынды таңдау жөнінде қоғамдық тыңдау өтеді. Әрі қарайғы шешім сол қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша және Үкіметтің сарапшылармен ақылдасуынан кейін қабылданады. «Қазақстан атом электр стансалары» қазір өткізіп жатқан конкурс әлі күшінде. Ол жерде бірнеше әлеуетті қатысушы бар. АЭС салу туралы талай айттық. Конкурсқа қатысушылардың қатарын кеңейттік және Жол картасы аясында жұмыс істеп жатырмыз», - деді Энергетика министрі.

Еске сала отырайық, бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов АЭС құрылысына қатысты пікір білдірген еді. Ол АЭС құрылысы туралы айтпас бұрын әуелі «Ондай нысан Қазақстанға керек пе?» деген сауалға жауап беру қажеттігін сөз еткен-тұғын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер