АЭС бойынша жарияланған конкурс әлі күшінде – Алмасадам Сәтқалиев

1331
Adyrna.kz Telegram

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев бүгін Үкімет отырысынан кейін тілшілерге берген сұхбатында АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

«Үкіметтің назарында тұрған жобалардың бірі – Атом электр стансасын салу. Тиісті Жол картасы бар, қазір соның аясында нысан салынатын орынды таңдау жөнінде қоғамдық тыңдау өтеді. Әрі қарайғы шешім сол қоғамдық тыңдаудың қорытындысы бойынша және Үкіметтің сарапшылармен ақылдасуынан кейін қабылданады. «Қазақстан атом электр стансалары» қазір өткізіп жатқан конкурс әлі күшінде. Ол жерде бірнеше әлеуетті қатысушы бар. АЭС салу туралы талай айттық. Конкурсқа қатысушылардың қатарын кеңейттік және Жол картасы аясында жұмыс істеп жатырмыз», - деді Энергетика министрі.

Еске салсақ, бұған дейін «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов АЭС құрылысы туралы айтпас бұрын әуелі «Ондай нысан Қазақстанға керек пе?» деген сауалға жауап беру қажеттігін айтқан болатын.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер