Тоқаев Еуропада Құранды өртеу әрекеттерін айыптады

1763
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Солтүстік Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде Құранды өртеу әрекеттерін қазіргі әлемдегі шиеленісті ушықтыруға, халықтар мен мемлекеттер арасындағы сенімге нұқсан келтіруге бағытталған жол беруге болмайтын арандатушылық деп санайды, - деп хабарлайды "Адырна" тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезін өткізудің бастамашысы болып табылады. Бұл форум дәстүрлі діндер мен конфессиялардың көрнекті өкілдері арасындағы тиімді және жемісті диалог алаңына айналды.

Мемлекет басшысы атап өткендей, діни вандализм фактілері мен тиісті мемлекеттер азаматтарының жауапсыз мінез-құлқының көбеюін мемлекеттер мен діндердің өркениетті қатар өмір сүруінің жалпыға танылған нормаларына қайшы келетін әрекеттер ретінде бірауыздан айыптау керек.

Сондай-ақ ол Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы да бұл мәселеге қатысты салмақты сөзін айтуы керектігін айтты.

Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев  аатлған әрекетке баға берген болатын. Ол Швециядағы қасиетті Құранның өртенуін  "Жер бетіндегі миллиондаған адамдардың діні мен саф сезімдерін қорлайтын мұндай жағдайларға жол беруге болмайды" деп атады.

Пікірлер