CАДЫҚ ШЕРІМБЕК: Салықтың сұрауын, талабын білмейтініміз, салық маңызын түсінбейтініміздің себебін неде деп ойлайсыз?

1588
Adyrna.kz Telegram

Салықтың сұрауын және талабын білмейтініміз, жалпы салықтың маңызын түсінбейтініміздің себебін неде деп ойлайсыз?

Компаниялар мен мекемелер қызметкер үшін салықты тікелей мемлекет қазынасына аударуы дұрыс емес деп ойлаймын. Айлық жеке есепке толық мөлшерде түсуі тиіс. Түскен кезде салық суммасы блокқа алынып, сол азаматтың өз есебінен мемлекеттік қазынаға аударылуы керек. Сол кезде ғана біздің салық өз қалтамыздан кетіп жатқанын көріп, мемлекет билігіне, құқық қорғау органдарына, әлеуметтік қызмет, білім және денсаулық мекемелерінің жұмысына объектив талап қоя алатын деңгейге саналы түрде жетеміз. Сондай талапшылдық ұлт ретінде өзімізге қажет.

Бірақ, ондай талапшыл халық билікке қажет пе? Күмәнім бар..:)

 

Sadyk Sherimbek

 

 

Пікірлер