Жарты миллиард салықтан жалтарған кәсіпорын анықталды

1061
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Облыстық прокуратура жарты миллиард теңге көлемінде салық төлеуден жалтарған компанияны анықтады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Павлодар облысының прокуратурасы тігіссіз құбырларды өндіруші «PF KSP Steel» ЖШС қоршаған ортаға эмиссия үшін төмендетілген мөлшерлеме бойынша төлем жасағанын хабарлады.

Зауыт зиянды қалдықтардың тоннасына 1 АЕК (3 692 теңге) орнына 0,038 АЕК (шамамен, 140 теңге) төлеген. 567 миллионның орнына 113 мың тонна қожды орналастырғаны үшін компания небәрі 9,7 миллион төлеген.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша салық органдары кәсіпорынға қосымша 557,5 млн теңге есептеді. ЖШС мұнымен келіспей, шешімге сотқа шағымданбақ болды. Жоғарғы Сот прокуратураның кассациялық шағымын қанағаттандырып, жоғарыда аталған сомаларды бюджетке өтеу туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды.

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер