76 млн теңге бюджет қаражатын жымқырған. Маңғыстауда мектеп есепшісі сотталды

3155
Adyrna.kz Telegram

Маңғыстау облысында жалпы білім беретін мектептерінің бірінде 76 млн теңгеден астам бюджет қаражаты жымқырылған. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна”.

Штаттық кесте мен банктік шоттарды салыстыру барысында 3 жыл бойы өзіне артық соманы есептеген мектептің бас бухгалтерінің тиісті және іс-жүзінде төленген жалақысының арасындағы айырмашылық анықталды, - делінген прокуратураның хабарламасында.

Аталған факті бойынша прокурорлармен қылмыстық іс қозғалып, тергеу экономикалық тергеу департаментіне тапсырылды.

Тергеу барысында аталған мектептің есепшісі кінәсін толықтай мойындады.

Сондай-ақ, сот үкімімен кінәлі адам Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабының 4-бөлігі (сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және ысырап ету) бойынша 5 жыл мерзімге материалдық-жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырыла отырып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Пікірлер