Ғасыр құрылысы. Жапония енді су үстінде бой көтеретін қалқымалы қала салуға бекінді

2475
Adyrna.kz Telegram

Жапондықтар енді су үстінде өмір сүруге бел байлады. Елдегі N-Ark стартапы мұхит бетінде бой көтеретін Dogen City деп аталатын алып қалқымалы қала көтеру жоспарын жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Су үстіндегі қаласың жобасы жайы Robb Report басылымы жазды.

Жобада айтылғандай, қала сақина тақылеттес сипатта болады. Су бетіндегі сақина қаланы цунамиден қорғайды деп жоспарланған. Су үстінде қала тұрғызудағы мақсат - тұрғындарды озық медициналық қызметтер қамтамасыз ету, келешектегі роботтық хирургияны жандандыру және азық-түлік өндірісі мен жаңартылатын энергия өндіру арқылы жаңа өмір салтына көшу.

Жоспарда бірқатар бағыттар қарастырылған. Тіпті, жапондық жасампаздар қаладан ғарыш кемесін ұшыру алаңын салуды қарастырып отыр.

Онда тіпті ғарыш аппараттарын ұшыру алаңдарды да қарастырылған.

Қалқымалы Dogen City қаласы үш қабаттан тұрады. Қалада салынатын ғимараттар мен кешендер салатық бағытта үш бағытқа бөлінбек. Оның мынандай маңызды тұстары бар:

Біріншіден, бұл өмір сүруге жарамды, өзін-өзі қамтамасыз ететін теңіз ауылы, онда тікелей тұрғын үй орналасады.

Содан кейін табиғи түрде мұхитпен салқындатылатын су астындағы деректер орталығы энергия шығынын азайтады.

Соңғы қабаты SpaceX-пен байланысты болады және зымырандардың ұшу және қону алаңына айналады.

Азық-түлік, дәнді-дақылдар теңіз суын кәдеге жарату арқылы қаласың аумағында өсіріледі. Бұл үшін инновациялық технологиялар пайдаланылады.

Жоба жылына шамамен 7 000 тонна азық-түлік және 22 265 000 кВт электр энергиясын өндіреді деген мақсат бар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер