Жазғы универсиада-2023: Ел қоржынына алғашқы жүлде түсті

2193
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық спортшы 2023 жылғы жазғы Универсиада ойындарының алғашқы медалін жеңіп алды, деп хабарлайды “Адырна” Sports.kz-ке сілтеп.

Ел қоржынына алғашқы медальды Сұңғат Жұбатқан салды. Дзюдошы студенттік спартакиаданың қола жүлдегері атанды. 66 келіге дейінгі салмақта үшінші орын үшін белдесуде өз шеберлігімен Өзбекстан өкілі Абдурахим Нутфуллоевті жеңді.

Алайда, Венгрия, Түркіменстан және Әзірбайжан елдерінен келген қарсыластарын жеңген дзюдошы Жұбатқан жартылай финалда жапондықтарға есе жіберіп алған болатын.

Ақтаулық спортшы дзюдомен 10 жылдан астам уақыт бойы айналысып келеді.

31-ші Дүниежүзілік жазғы Универсиада 28 шілде мен 8 тамыз аралығында Қытайдың Чэнду қаласында өтуде. Қазақстаннан 90 спортшы аттанды. Олар он спорт түрінен бақ сынайды.

Пікірлер