Сауд Арабиясы Украина бойынша келіссөздерді ұйымдастырмақ

2069
Adyrna.kz Telegram

Сауд Арабиясының билігі Украинадағы қақтығысты бейбіт жолмен шешу жолдарын табу үшін тамыз айының басында бірнеше елдермен келіссөздер жүргізгісі келетінін сенбі күні жариялады, деп “Адырна” порталы The Wall Street Journal басылымына сілтеп хабарлайды.

«Талқылауға қатысқан дипломаттардың айтуынша, 5-6 тамызда Жиддада өтетін кездесуге әлемнің 30-ға жуық елінен жоғары лауазымды тұлғалар келеді», - деп жазады басылым.

Бұл кездесуге Батыстың, Украинаның әрі Үндістан мен Бразилияның өкілдері қатысады деп күтіліп отыр.

Қазіргі уақытта Ұлыбритания, Оңтүстік Африка, Польша мемлекеттері кездесуге қатысатындарын растаған.

Сондай-ақ, АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливанның Жиддада болатыны айтылды.

Аталмыш басылымның мәліметінше, Қытайды қатысуға ынталандыра алады деген үмітпен ішінара келіссөздерді өткізуге арнайы Сауд Арабиясы таңдалған.

Маусым айының соңында дәл осындай кездесу Данияның астанасы Копенгагенде өткен болатын. Атап айтқанда, Бразилия, Үндістан, Түркия және Оңтүстік Африка Республикасы, сондай-ақ АҚШ, Украина және Батыс елдері қатысты.

Пікірлер