Жол-көлік оқиғасы: Жантүршігерлік апаттан 4 адам көз жұмды

3019
Adyrna.kz Telegram

Алматы-Өскемен тас жолының 453-шақырымында төрт адамның өмірін қиған жан түршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды “Адырна”.

Бұл туралы Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді.

«38 жастағы Hyundai Veracruz жүргізушісі басып озу маневрін жасап, рульді басқара алмай, DAF FTXF 105 тракторымен соқтығысты, содан кейін ол инерция салдарынан сол бағытта келе жатқан Volkswagen Passat көлігімен соқтығысты», - делінген хабарламада.

Оқиға орнында Hyundai Veracruz көлігінің жүргізушісі мен оның үш жолаушысы  көз жұмды. Аталған көліктегі тағы үш бала түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жатқызылды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, қажетті сараптамалар тағайындалды.

Облыс полицейлері жол қозғалысының барлық қатысушыларын Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жол қателікті кешірмейтінін естен шығармаңыз!

Пікірлер