Түркияда жолаушылар мінген автобус көпірден құлап кетті

1643
Adyrna.kz Telegram

Түркияның Карс провинциясында жолаушылар автобусы көпірден құлап, жеті адам қаза тапты, деп хабарлайды “Адырна”.

Жергілікті басылымдардың мәліметінше, апаттан кемінде 22 адам жарақат алған.

Автобус Бурсадан Карсқа бара жатып, 50 метрлік көпірден Қарақұрт ауылы маңындағы сайға құлаған. Оқиғаның себептері анықталып, ауыр жарақат алған бір жолаушы Эрзурумдағы ауруханаға жатқызылды.

Бірнеше уақыт бұрын Түркияда тағы бір автобус апатқа ұшырап, 4 адамның өлімі тіркелген еді.

Пікірлер