Ұлытау облысында құрғақ шөп өртеніп жатыр

1509
Adyrna.kz Telegram
Фото: ТЖД
Фото: ТЖД

Ұлытау облысында құрғақ шөп өртеніп жатыр. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаменті жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық  порталы.

Мәлімет бойынша, 30 шілдеде Ұлытау облысы ТЖД кезекші қызметіне Жаңаарқа ауданының Кенжебайсамай ауылынан 45 км жерде құрғақ шөптің жанғаны туралы хабарлама түскен.

Өрттің алдын ала аумағы 2000 гектарды құрайды. Өртті сөндіруге ерікті өртке қарсы құралымдар мен Ұлытау облысы ТЖД 42 адам және 11 бірлік техника жұмылдырылуда. Елді мекенге қауіп-қатер жоқ, - делінген ведомство таратқан ақпаратта.

ТЖД азаматтарды өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға шақырды.

Пікірлер