Павлодарда Ресейге жеткізілмек болған қарбыздың арасынан есірткі табылды

2127
Adyrna.kz Telegram
Фото: polisia.kz
Фото: polisia.kz

Павлодарда қарбыздың арасынан есірткі табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Асқар Мұхаметқалиев айтты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мәлімет бойынша, есірткі Ресейге жеткізілмек болған.

 Биылғы шілдеде Павлодар – Омбы бағытындағы жолда арнайы жасақтың көмегімен жүк көлігін тізгіндеген 54 жастағы Қырғызстан азаматы ұсталды. Жүк көлігіні Volvo маркалы тіркемесінде Қырғызстаннан Ресейге жеткізілуі тиіс қарбызбен қоса, 59 килограмм «героин» салынған 21 полиэтиленді орама және 10 килограмм «гашиш» салынған екі орама анықталып, тәркіленді, – деді Асқар Мұхаметқалиев.

Ақпарат бойынша, бұл шамамен 250 мың бір реттік доза, оның қара нарықтағы құны 2,5 миллион доллардан асады. ҚР ҚК-нің 286-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.

Қазіргі уақытта осы есірткі қылмысының өзге қатысушылары мен ұйымдастырушыларын, сондай-ақ есірткі жеткізудің басқа да ықтимал арналарын анықтау бойынша жұмыс жүргізілуде, – деді Асқар Мұхаметқалиев.

Ал қылмысты ұйымдастырушының мүлкі тәркіленіп, 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Пікірлер