Өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге көлемінде қаражат бөлінбек

1787
Adyrna.kz Telegram

Орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлерін өртке қарсы киіммен қамтамасыз ету үшін үкімет резервінен 918 миллион теңге бөлінеді. Бұл жөнінде тиісті қаулыға премьер-министр Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Құжатқа сәйкес, үкімет резервінен табиғатты қорғау және орман мекемелерінің орман өрт сөндіру стансаларының қызметкерлеріне өртке қарсы киім сатып алуға 918 млн теңге қаражат бөлінеді.

Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл 30 табиғатты қорғау және 16 орман мекемесінің қызметкерлерін механикалық жарақаттанудан, гипотермияның, агрессивті сұйық құрамдардың, жоғары температураның әсерінен қорғауға, жұмысшыларды соққыдан сақтауға, сондай-ақ басқа механикалық әсерлерден қосымша қорғау үшін өртке қарсы киіммен жабдықтауға мүмкіндік береді.

Пікірлер