Қаңтар оқиғасынан кейін жасақталған үкімет отставкаға кетті

3396
Adyrna.kz Telegram

2024 жылғы 5 ақпанда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы" Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Ел президенті  Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабына сәйкес мынадай қаулы етті:

"Қазақстан Республикасы Үкіметінің орнынан түсуі қабылдансын. Қазақстан Республикасы Премьер-министрі міндеттерін уақытша атқару Роман Васильевич Склярға жүктелсін. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері Үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаруды жалғастыра берсін", - делінген Қаулыда.

Айта кетейік, Әлихан Смайылов 2022 жылы Қаңтар оқиғасынан кейін премьер-министр лауазымына 180 күн сынақ мерзімімен тағайындалған болатын. Бұған дейін халықтың сол кездегі жаппай толқуына себеп болған бірнеше факторды атап өткен едік. 

Сонымен қатар, Смайылов басқарған министрлер кабинеті 2023 жылы сәуірде және қыркүйекте қайта жасақталды.

 

 

Пікірлер