Ақкенттегі өрт кезінде терезеден секірген тұрғындар қателік жасады - департамент

1834
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының міндетін атқарушы Ерлан Әлібеков тұрғындарға сабыр сақтау керектігін айтты, деп жазады "Адырна" порталы. 

"Терезеден секіріп кеткен адамдар қателесті. Біз сабыр сақтауымыз керек еді, бірақ кеше өрт орнында қатты дүрбелең болды. Бірақ тұрғындар тым болмаса балконға шығып, есіктерді жауып тастаса, балконнан аздаған таза ауа ағыны тыныс алуға жеткілікті болар еді, өрт сөндірушілердің келуін күте тұруға болар еді», - деді Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Ерлан Әлібеков.

Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы зардап шеккендердің алдын алуға болатынын да атап өтті.

"Қаза болған қыз туралы айтатын болсақ, ол секіргеннен кейін 20-30 секундтан кейін өрт сөндірушілер пәтерге кірді. Біз әрекетсіз болған жоқпыз, тыныштық сақтап, өрт сөндірушілерді күткен жөн болар еді", - деді Әлібеков.

Ведомствоның мәліметінше, өрттен 80 адам құтқарылды, олардың 16-сы өрт сөндірушілер қолдарына көтеріп құтқарып шыққан балалар болды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от ADYRNA.KZ - Жаңалықтар (@adyrna.kz)

Пікірлер