Түркиядағы жол апаты. Тағы бір қазақстандық турист көз жұмды

2249
Adyrna.kz Telegram
Фото: qazaq.today
Фото: qazaq.today

Түркиядағы апатқа ұшыраған тағы бір қазақстандық турист қайтыс болды. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Түрік дәрігерлерінің ақпаратына сәйкес, кеше түнде тағы бір ҚР азаматы Алания мемлекеттік емханасында қайтыс болды. Қазіргі уақытта қайтыс болған азаматымыздың туыстары емханада. Оларға қажетті көмек көрсетіліп жатыр. Құжаттарды ресімдегеннен кейін оның денесі Қазақстанға жіберіледі, - делінген хабарламада.

Бұған дейін қайтыс болған жерлесіміздің денесі Қазақстанға жеткізілді.

Еске сала кетейік, Түркияда қазақстандықтар мінген автобус жол апатына түскені туралы хабарладық. Жол апатынан зардап шеккен қазақстандықтардың бірі көз жұмған еді.

Пікірлер