АҚШ соты Әблязовтың БТА Банктен ақша жымқырғанын анықтады

3280
Adyrna.kz Telegram

АҚШ соты Мұхтар Әблязовтың БТА Банктен ақша жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Нью-Йорктің Оңтүстік округі бойынша АҚШ аудандық соты Джон Г. Коэлтл Triadou SPV S. A-ға қарсы шағымға орай «БТА Банкі» АҚ пайдасына 193 млн доллардан астам сомаға шешім шығарды.

Сот шешімі алқабилердің 2022 жылғы желтоқсандағы үкімінен кейін шыққаны, оған сәйкес Triadou қаржы жымқырғаны және заңсыз баюы үшін жауапқа тартылғаны атап өтілді.

«Сот БТА-ның Triadou-ға қатысты сенімгерлік меншікке және БТА қаражатын пайдалану арқылы алынған кез келген пайдаға қатысты талабын қанағаттандырды. Сондай-ақ БТА-ның Triadou-дың бірқатар автивіне қатысты талап арызын қабылдады»,— делінген хабарламада.

Сот жауапкер Triadou SPV - Әблязовтың күйеу баласы Ильяс Храпунов құрған және бақылайтын жалған компания екендігін растады. Компания БТА-дан ұрланған қаражат түрінде 70 миллионнан астам АҚШ долларын алып, оны Нью-Йорктегі және Америка Құрама Штаттарының басқа жерлеріндегі жылжымайтын мүлікке инвестиция ретінде салған.

«Сотта ұсынылған дәлелдер АҚШ-тағы Triadou атынан инвестицияланған қаражат Әбілязовтың басқа фронттық компания арқылы БТА-дан ұрлаған 115,3 миллион долларға тікелей қатысы бар екенін көрсетеді»,—делінді сот қорытындысында.

Пікірлер