Қыз Жібектің Төлегені қазіргі Украинада дүниеге келген немесе қазақ елінің бір бөлігі қалай Украина аталды?

14714
Adyrna.kz Telegram

                    АДАСҚАН ҚАРА ТЕҢІЗ

Қыз-Жібек жырын көпшілік қауым кинофильм арқылы білетіні белгілі. Алайда, осы дастандағы негізгі кейіпкердің бірі Төлегеннің Жағалбайлы руынан болғанымен, ол рудың Қара Теңіздің жағасында тұрғаны дүйім жұртқа беймәлім. Себебі, кеңестік заманда Қазақстан тарихы мен мәдениеті терең зерттелмейтін әрі оны сол кездегі Қазақ ҚазКСРі шеңберінде ғана қарастырылатын. Сонымен қатар зерттеулер Коммунистік партияның жіті бақылауы мен сүзгісінен өтіп, саяси-идеялогиялық догмалардың негізіне сәйкес өзгертулер мен түзетулерге әкеліп соғатын. Қатаң цензура Қыз-Жібек жырына да өзінің сананы таспадай тілетін тырнақтарын батырған еді. Соның нәтижесінде Мұхтар Әуезов Қыз Жібек жырындағы Қара Теңізді Каспий Теңізі деген пікір айтады. Ал, жырдың Қазан қаласында басылып шықан Жүсіпбекқожа Шайхисламов жинақтаған нұсқасында Төлегеннің «Мекке жолындағы жеті тылсым дариялардың һәммасы Қара Теңізге құятынын» және сол теңіз жағасында «Жүз Жағалбайлы елінің Базарбай деген бір байдың ұлы» болып табылатыны қадап жазылған. 

Қазіргі кезде Қара Теңізге құятын өзендердің ішінде Қазақ (Түркі) тіліндегі атаулары Украина жерінде әлі кезге дейін сақталғандары да бар. Олар: Қызылиірімек, Жасылиірмек және Қамышұя. Сонымен қатар, Қазіргі Украинаның Николаев өңірінде бұрын Сарқамыс деген ауыл болған және ол 1846 жылы Днепропетровск деп өзгертіледі. Бір қарағанда Украинаның Қазақстанға қатысы жоқ дейтіндер болады. Десек те, Сарқамыс атауының Қыз Жібек туындысында бұлақ атауында кездесуі шығармашылықпен айналысатын пенденің ойын алыс сапарға жетелейді. 

Ал енді баз біреулер Қара Теңіз бен Ақ Жайықтың арасы көк пен жердің аралығындай деген теңеу айтуы мүмкін. Солай болған күннің өзінде, Украинаның Қара Теңізге жақын орналасқан ең шеткі қалаларының бірі Ілежанқа қаласынан Ақ Жайық өзеніне дейін 2200 шақырымды құрайды. Бұл аралықты салт атты Қыз Жібек туындысында көрсетілген жүз күнде еш қиналмай өте алады. Өйткені, жылқы жануары бір күнде орта есеппен 40 шақырымды еңсереді. Бұндай қорытындыға жай ғана 2200 шақырымды 100-ге бөліп жетуге болады. Сонда, күніге 22 шақырымнан шығады. Егер Ілежанқа мен Сарқамыстың арасы 535 шақырымды құрайтынын ескерсек, бұл шындыққа саяды. Себебі, дастан бойынша Төлегеннің тұрған жерінен Сарқамысқа дейін бірталай жер. Екі ортада шөлдала бары жайлы хабарланады. Тіпті жақында жаяу адамның өзі Қытайдан Астанаға дейінгі 3000 шақырымды 60 күнде еңсергенін ескерсек, жылқы үшін 2000 шақырым түк емес.

Қазіргі Украинада да бір шөлдала бар және ол «Алешковские пески» деп аталып, ертеректегі «Алашки» деген ауылдың атауымен байланыстырылады. Алешки / Олешки елді-мекені Генуялық Қазария кезінде «Илесі» деген атауға да ие болған.  Бұл жерде назар аударатын жайт – Генуялық Қазарияны кейде Қырым Хандығы немесе Кіші Татария, Кіші Орда, яғни Кіші Жүз деп те атаған. Бұл жөнінде Ресейдің үлкен энциклопедиясында да жазылған. Ал, Украина аумағы орта ғасырда Кіші Россия («Малороссия») деп аталғанын ескерсек, онда ол Кіші Орданың баламасы екенін түсінуге болады. Ресми деректер бойынша Кіші Орда XV ғасырда Ұлы Орданың  («Ұлы Ұлыс», «Алтын Орда», «Моңғол – Қыпшақ Хандығы», «Жошы Ордасы») мұрагеріне айналады. 

1771 жылы Қырым Ордасының ханының рұқсатын ала отырып, өрістік (запорждық) қазақтар Алешки аумағында көш атаманының бастауымен әскери аймақ (сечь) құрады.

Қара Теңізге құятын ең ірі өзен Қыпшақ – Түрік тілінде Өзен деп аталған қазіргі кездегі Днепр болып табылады. Ертеректе бұл өзенді ғұндар Бар - «кең, бай», скифсактар Бару / Апару, ал гректер Оарус деп атаса, келттер Дөңізпір деген. Сол Днепрдің жағасында Ойлы деген Скиф жерінде готтар мекендеген. Осы өзеннің Қара Теңізге құяр арнасының алқабында X – XIX ғасырлар аралығында тоқсан жолдың торабы орналасқан. Ол жолдардың бір бөлігі теңіз жолдары болып, Қырымды айнала Асау теңізі, Дон және Еділ арқылы Каспий теңізі мен Меккеге алып барған. 

ГАРДАРИКЕ АТАУЫНЫҢ СЫРЫ

Тарихи Украина – скиф-сақ, гот, угр тайпалары мен қазақтар мекендеген аумақ. Бұл жер Скифсақ, Ғұн, Көк Түрік, Сарматай, Печенег, Хазарлардың, Кун мен Татар империясының құрамында болған, оны Қифсақ Ордасы деп те атаған. Скандинавтар бұл елді Гардара деп атаған, ол сөз – «ел», «қорған», «қамал», «орда» дегенді білдіреді. Осынау скандинавтық Гардардың қазақтың кіші жүзіндегі Кердері руының атауына ұқсайтындығын ескертіп, мен мұндалап тұр. Ал топонимдік түбірі үнді-еуропалық Гхорда сөзінен шыққаны ресми қабылданған. 14 ғасырда Гардар княздіктерінің бірі және Киев қаласы Күнугардр (Kœnugarðr) деген атаумен танылса, даттар Хунигурад атауымен бүкіл Русті атаған. Қаланың Хунигард деп аталу себебін даттар Рус жерін ғұндармен байланыстылығын айтқан. Олар Киев атауының бастапқыда Қуелі немесе Киеуй болғанын да алға тартқан. Қарап отырсақ, Украина атауының қазақтың Қоңырат руының атына негізделуі мүмкін деген пікір ұялатады және бұл ойдың негізсіз еместігін Украинамен көршілес Венгрия атауының Хунгрия аталуы да дәл сол Ғұн еліне қатысы болуында жатыр әрі ол елде тұратын халық өздерін мадияр және қыпшақпыз деп танып, генетикалық жағынан қазіргі Қазақстанның Арал өңірі тұрғындарымен 80% айналасындағы жақындығы айғақтай түседі. Тарихи Қунгар қыпшақтары өздерін Кунзақ немесе Язық деп атаған және Украинаны мекендеген сарматай тайпасының бір атауы – Язық. Демек, кунзактар мен сарматайлар туысқан ел болып тұр. Ал, Язык сөзі қазақтар ежелден пір тұтатын Қадар, Ызық, Қызыр немесе Қадірмен сай болып тұр. Әлбетте, Қазақтың пірімен сай болса, Язық сөзі де Қазақ болғаны. Ал Қу мен Қаз - бір тұқымдас құс. Осыны ескере отырып, Киевтің Гардар атауы да Қаз сөзімен байланысты болуы заңдылық деген ой келеді. Себебі ғүндар тарихи түркі халқының бабасы болып табылады. Ал, Гардар атауының біріші буын прототүркілік гар – «қаз» сөзімен сәйкес келеді. Сонымен қатар, Қазақ тіліндегі қаз сөзі мен орта ағылшын тіліндегі гос, протоиндоевропалық гханс,прототүркілік гар, алтай, протоалтай тілдеріндегі кангули, хонгу және славяндық огарь сөздері мағыналары бірдей. Ал, екінші буыны тұрақ, орта және орда болады және ол Гардардың проториндоевропалық гхорда нұсқасына шақ болып тұр. Демек, келтірілген дәйектер оң деген сөз.

Бұған қоса, Дан мемлекеті Гардарды – Өстергаард деп атаған және ол атауды бұл елдің қазынаға мол, аста-төк байлығымен көздің жауын алатын шығыстың елі ретінде хабарлаған. Өзінің аты айтып тұрғандай Өстергаард мағынасы мен дауысталуына қарай Астархан немесе Қаздархан деген атауларға сай болып тұр. Өйткені, қазірге кезде Ресей Федерациясындағы Шығыс Еуропаың оңтүстік-шығыс жазығының Каспий маңындағы аумақта орналасып, ресми тарихын Алтын Орда кезеңінен алатын Астрахань деген қала бар. Қаланың атауы Қазы Дархан ханның есімімен байланысты. Алтын Орда күйрегеннен кейін Қаздархан қаласы Қазақ Хандығының құрамында болған. Ежелгі орыс жылнамаларында Астрахань атауы Азсторокань, Азтаракань, Азтарокань, Азторакань, Азторокань, Азторохань, Асторокань, Асторохань, Астрохань, Хазторокань ретінде көрсетілген.

Жалпы, Астраханьның атауына байланысты ресми тұжырымнан бөлек пікірлер де бар. Сол пікірлер бойынша бірқатар ғалымдар қаланың атауын скифсақтың ас – «жасақ басы» және тархан сөздерінің қосындысынан болды десе, енді біреулері оны славянның строгать – «ойық», «сыдырық», «кертік» сөзінен, түріктің ас – «асты», асры – «астыңғы», «төменгі» және тархан сөздерінің бірігуінен дейді. Тағы бір жорамалдар бойынша Астраханьды Аждаһар батыр есімімен және Тмутаракань / Таматархан хандығы атауымен үйлестіреді. 

Көріп отырғанымыздай, Өстергаард атауы Қаздархан тұжырымына сәйкес келеді. Себебі, Қаздархан есімінде алдыңғы атаулардың қаз мағынасы бар, тіпті скифсақтық ас – «жасақ басы» сөзінің өзі Қазақ атауының мағынасының бірі болып табылатын «жасақ» ұғымымен сай келеді әрі Өстергаард атауының бірінші буынындағы ос сөзі ерте латын тіліндегі сигн’ос және ежелгі грек тіліндегі кукн’ос, яғни «қу (аққу)» сөзіне балама болады. Ал, скандинавтық өстер – «шығыс» сөзі қазақ тіліндегі өсу, үсті сөздерімен немесе өсу-тұру қоссөзімен дәл түсіп тұр. Осы жағынан ол күн және жарық ұғымдарына ие болып, Кунгирад атауымен сай болады. Мағынасына қарай, Өз Түрік Орда, яғни Еркін деуге де келеді. Өстүрік сөзі өсіп шығудың, өмірдің, жер қазығының, яғни жерасты, жерүсті және көк аспанның белгісі Қара Теректің, яғни Байтеректің баламасы іспеттес. Осылайша, Өстергаард атауы бір жағынан Гардар атауының ұғымына да балама болады. Себебі, Гардар сөзіндегі гар  буыны ерте түркі тіліндегі гар – «жер» сөзіне жақын, себебі жер сөзі протоиндо – европалық her және қазақ тіліндегі қыр сөздерімен туыс болып тұр. Сондықтан, Гардар сөзінің протоиндоевропалық Гхорда түбірі қазақ тілінде Көк Орда (Көк Тәңірінің Ордасы), Қу Ер Ордасы, Қу Жұрты мағыналарға ие бола алады. Оның үстіне, Түркі аңызы бойынша Ақ Қаз немесе АқҚу – Көк Тәңірінің, яғни Аспан Қудайының есімі. Сондықтан Қазақ атауы Қаз және Аққу деген біріккен сөзден тұрады. Олай болса, Рус атауының бір мағынасы Гусь, яғни «қаз» болғаны, себебі Лыбидь «аққу» Киевтің бір атауы. Демек, Украина атауы Огурь – «от үйрек» сөзіне негізделіп тұр. Ол жағынан Русь атауы Өстергаардпен үйлесіп тұр. Себебі, славян тілдері қатарындағы албанның роусь – «қаз» сөзіне келеді. Алайда, Гардар атауымен не рус, не гусь сөздері үйлеспейді. Тіпті ресми қабылданған Гардардың «город» мағынасына үш қайнаса сорпасы қосылмайды. Сондықтан, жалғыз қалып отырған жолы, ол – рус сөзін гхорда  ұғымымен байланыстырып көру. Ол жағынан келгенде рус сөзі тек орда сөзіне жақын болады. Себебі, орда деген бір жағынан әскери бекініс. Демек соғысқа, ұрысқа байланысты. Осылайша, Рус деп отырғанымыз Ордус / Урус, яғни Ордалық болып тұр. Осы тұрғыдан алғанда, Гардар атауының мағынасы Қаз Тұрағы, Еркіндер Ордасы, яғни ҚАЗАҚ және ҚАЗАР сөздерінің мәндерімен сабақтасып, дыбысталуы жағынан да сай келеді. Өйткені скандинавтардың GARðAR атауы латынның ð әрпінде ‘з’ болып дыбысталады. Ал, ағылшын тілінде a мен r әріптері қосылып, ‘а’ дыбысын береді. Демек, ГАРДАР немесе ГАРДАРИК атаулары ХАЗАР (ҚЫЗЫР) және ҚАЗАҚ (ҚАДАР ӘКЕ) болып тұрғанын дәлелдей ді.  Бұл дәлелді Русь жылнамаларында Дешті Қыпшақты XIII ғасырға дейін Орда деп атағаны және оның мағынасы «жасақ» дегенді білдіргені нақтылайды. Ал, жасақ дегеніміз Қазақ атауының бір мағынасы. Сондықтан ҚАЗАҚ атауы ГАРДАР терминінің ұғымын жан-жақты қамтып тұр. Енді тарихи және саяси-әлеуметтік негіздемелерге иек артайық.

Шамамен 948 ж Византия императоры Константин Порфирогенит «Империяны басқару туралы» трактатында Рустің (қазіргі Украина) астанасы Киевті хазарлар салғанын жазып, оның атауын Самбатас есімімен атаумен байланыстырса, украиндық тарихшы Омелиан Прицак Киев атауын Хазар қолбасшысы Ахмад ибн Куяның есіміне балайды.  

Поляк тарихшысы Ян Гербурттың 1608 жылы шыққан «Виктория Козакорум» (толық атауы - «Victoriae Kozakorum Nisoviorum de Tartaris Tauricanis in anno 1608 narratio Herburthi») басылымында славяндар мен қазақтардың хазар тектілігі айтылады. 

839 жылғы ростар туралы Византия шежіресінде өздерін руқаз (Rhos) деп атайтын адамдардан шыққан Суенос руы және олардың патшасы хакан деп аталатын халық жөнінде айтылады. Араб және парсы деректерінде Қаған Русі деген атаумен де белгілі болды. Арабтарға Киев қаласы Куйяб атауымен танылған. 

Ал, енді «Өткен жылдар жылнамасында» Киевтің тарихы ағайынды Кий, Щек және Хоривтердің есімімен байланыстырылады. Бұл жылнама бойынша ағайындылардың Лыбедь («Аққу») есімді қарындастары бар еді. Олар «Поляндар» деген халықтан болып, жазықтық жерде тұрады. Бір күні үш ағайынды қырдың үстіне қала салып, оны Кийдің есіміне арнап, Киев деп атауды ұйғарады. Кейін Византияның арқасында Кий билікке ие болады. Бұл айтылған аңыз армян ертегісі ұқсас. Тек ондағы Палуни жерінде тұратын кейіпкерлердің есімдері Қуар, Малтей және Хореан еді. Бірқатар ғалымдар бұл есімдердің бұрыннан келе жатқан жергілікті атаулардың негізінде пайда болғанын, яғни Кий, Щек және Қореан есімдері жер атауларына байланысты еместігіне дәлелдер келтіреді. Ал, тағы бір ғалымдар, оның ішінде атақты М.И.Артамонов, атаулардың ешқайсысы да славян сөздерінен шықпағанын дәлелдейді. Оның үстіне, археологиялық қазбалар Киев қаласының салынған уақытын IX – X ғасырлар аралығына (Дешті Қыпшақ кезеңі) жатқызады. Ал, аңыз бойынша Киев 431 жылы (Скифсак кезеңі) қаланған. Демек, Киев атауы ежелден Киевщек Қорғаны деп аталған.

ҚАҒАН РУСІ ЖӘНЕ ЖАҒАЛБАЙЛЫНЫҢ ҰРАНЫ

882 жылдан бастап Киев Русін құрушы әрі оның ресми танылған билеушісі Олег еді. Оның «князь» деген атағы болған әрі аңыз бойынша оның «вещий» («көріпкел» «болжаушы») деген лақап есімін иеленген. Ресей ғалымдары Олег есімінің орысша айтылуы скандинавиялық Хелге немесе Хайлаға, яғни «әулие», «емші», «киелі» атауынан шыққан дейді. Бұл атаумен бірге Олегтің Оде Кярдр («оқ ата», «көшпелі», «қышоқ»), Төретайға сыйынатын («тәңіршіл»), Кунунинг («күндей», «құнан») және «Язычник», яғни Ызыққа / Қызырға / Қызағанға – Хорусқа («қуырушы», «құрғатушы», «қорғаушы»), жоғарғы құдай Даждыбогқа («жаз бегі», «тарту таратушы») табынушы атты қосымша есімдермен танылған. Олегтің ата-бабасы Гузи болған. «Новогород жылнамасында» Олегті Игорьдің қолбасшысы болып келеді және 922 жылы жылан шаққаннан қайтыс болады. 

Киев Русі мен Киев қаласының қалыптасуы жөніндегі деректерді талдап, зерттей отырып, мен Киев Русі дегеніміз Қыпшақ Өрісі / Қыпшақ Руы және Қыпшақ Урусы деген қорытындыға келген болатынмын. Бұндай нәтижеге ең алдымен Киев Русінің тарихи СкифСак – Қыпшақ Даласында орналасуы, «Киевская Русь» термині осы атауға негізделген. Ал, «Киевская Русь» атауын Украинаның Шеркеш өңірінде дүниеге келген украиндық әрі орыс филологі М.А. Максимович XIX ғасырдың аяғына қарай енгізген. Оның үстіне, Қыпшақ Даласы немесе Дашты Қыпшақ атауы Қыпшақ Өрісі мағынасымен синонимдес, себебі Русьтің Қыпшақ жерінде орналасқаны тарихи әрі ғылыми дәлелденген. Оған Киев Русі халқының өздерін «поляндар», яғни «жазық адамдары» деп атауы да қосымша негіз бола алады әрі кеңестік-ресейлік В. Я. Петрухин «русичи из гордыни вступили на нехристианскую землю половцев, «детей бесовых», и поэтому оказались к ним приравнены как внуки языческого бога («Дажьбожьи внуки»)» дейді. Бұған қоса, Полян атауы Қыпшақтарға қойылған Половцы атауының түбір сөзі ‘поле’ – ‘алаң’, ‘жазық’. Керек десеңіз, Дажбог пен Дашты сөздері ұғымдас әрі ұқсас келеді. Өз кезегінде бұл тұжырымдаманың дұрыстығын византиялық деректе келтірілген рустарға арналған РҚос, Суенос атаулары мен олардың билеушісінің «қаған» болып аталуы. Әрине, ресейлік ғалымдар Суеносты – Швед атауымен байланыстырад. Солай болған күннің өзінде Скандинавия халықтарының қанында 50%-дан астам Қазақ халқының құрамы барын Норвегия ғалымы Стурла Эллингвог дәлелдеген. Ал, мен варягтар мен викингтердің қазаққа қатысы жөнінде зерттеу жасап, бейнешығарылымдар жасадым. Сондықтан, Суеностың РҚос халқынан екендіктерін айтуы олардың Қазақ Ордасынан болуы және қытайлық деректерде қыпшақтарды Суенто (Сир-Қыпшақ) болып кездесетін Қыпшақтар болуы мүмкін деген пікірге келдім. Тарихи Сирчакты Уйғыр деп те таныған.  Зерттеуші Гиюла Неметһ / Gyula Németh ғалым Золтан Гобокзтың /  Zoltán Gombocz Қазар атауын қаз / qaz- «кезу», «серуен» деп аударылатын оны жалпы түркілік кез / kez болып табылатын қуыс таңдайлық түрі деген. 744–840 жылдарда өмір сүрген Ұйғыр патшалығының Тес және Теркін жазуларының үзінділерінде Қасар / Qasar деген сөз кездеседі, бірақ ол сөздің адам есіміне не тайпа атауына қатысы бары анықталмай отыр. Зерттеуші Луис Базин / Louis Bazin ол атауды түріктің қас / qas – «езіп-жаншу», «қысу», «содырлық жасау» сөзіне негіздеген және ол сөздің фонетикалық ұқсастығына байланысты ұйғырдың Қасар / Qasar тайпасымен байланыстырған.  Демек, РҚос деген Қосар сөзінің негізі деуге болады. Қыпшақ атауы тіпті Черная гора, яғни «Қара Тауда» орналасқан Киев қаласының атауында да отыр. Ол пікірді негіздейтін дерек бұған дейін айтылған «Өткен жылдар жылнамасындағы» Киевтің тарихы ағайынды Кий, Щек және Хоривтердің (Хореан) есімімен әрі тауда орналасуына байланысты болуы және ғалымдардың Кий, Щек және Хоривтердің славян сөздеріне жатпауы, керісінше Кийдің түркі есімімен байланыстырылуы Киев қаласының атауы Жазық Қывшақ, яғни Қазақ Қорғаны / Қазақ Ордасы болып тұрғанын көрсетеді. Ал, Кий, Щек, Хоривтің Лебедь деген қарындастарын ескерсек, Қившақ Королевство шығады, яғни Қывшақ Қанлығы деген сөз. Олай болса, армяндық нұсқада кездесетін Малтей есімі Жағалбайлының «Малатау» ұранына қатысы болуы ықтимал.  

Тағы бір маңызды айғақ, ол –  Киевтің ең алғашқы князі Олегтің есімінің өзі Қыпшақ / Қазақ сөздері мен мағыналарынан болуы. Алдымен бұл Олег сөзіне қатысты. Жоғарыда келтірілген ғылыми деректер Олег есімінің төркіні славяндыққа жатпайтынын дәйектейді. Ғалымдардың бірқатары Олег есімін түркілік түбірден болуына сілтеген. Ал, Тәңірге сыйынып, Ызықты пір тұтуы, Киелілік қасиеті, Күндей әрі Құнан (Кунинг) болуы, Кярдыр (яғни, Қыдыр) аталуы және Гузидің (демек, Қазы) тұқымынан өрбуі – Олегтің Қазақ топырағынан жаралғанының белгісі. Ол нышанды Олег туралы аңыздардағы бір қарағаннан байқалмайтын, бірақ зер салған адамға Киев Русінің алғашқы князінің сипаттамасынан Қорқыт Атаның кейбір қадір-қаситтерінің парқы кездескенінде жатыр. Анығын айтқанда, Олег те Қорқыт Ата сияқты бақсылық, яғни киелілік әрі көріпкелдік қасиеті бар, данышпан ханның кеңесшісі, яки көмекшісі. Ең аяғында, Олегтің де қазасы Қорқыт Атанікі іспетті жыланның шағуынан болады. Оның үстіне, Олег те өлімнен, өзінің тағдырының жазымышынан қашады. Алайда, Қорқыт Атада Олегтегідей оқшылық қасиеті бары еш жерде кездестірмендім. Дегенмен, Князь Олегтің «Оқ Ата» лақап аты Сыр бойы халқының арасында әулие танылған Оқшы Ата жайлы аңызына да еліктеуі ықтимал. Сәл ой сала қарағанға, Оде Кярдыр «оқ ата» дегені Қадақ немесе Ата Қадар болып тұр. Аталған аңыздардың уақиғалары да шамамен бір кезеңді қамтиды. Ерекшелігі, Қорқыт Атаның өмір сүрген уақыты ертерек. Осы орайда князь Олег деген қазақтың Ұлық / Білік  бегі (Олуг Орда ханының уәзірі) деген ой түюге болады. Екінші жағынан, Олег есімі Олешки / Алешки шөлінің атауымен сәйкес келуі, оның Кіші Жүздің, яғни Алашаның ханы болуы әбден мүмкін деуге болады. Ал оның «болашақты қазір алдындағы мүлікті көргендей елестете алуы, яғни көріпкелдігі («вещий)», Олегтің мамлюктер қатарынан болуына мегзейді деп есептеймін. Себебі, тарихи деректерде «мәмлүк» атауы «мүлік» сөзіне негізделген жалдамалы әскер немесе құлдармен байланыстырғанымен араб тілінде мәмлүк - «құл» деген сөз жоқ. Бұл сөздің мағынасы «мүлік болу». Тарихи, арабтар құл деп славяндарды атаған және ол сөз славян атауымен сай келетін сақлаби, зақалибаһ сөзі. Бұған латын тіліндегі склави - «құл» сөзі дәл келеді. 

СКИФСАКТАН ҚАЗАҚҚА ДЕЙІН

Мамлюк деп IX ғасырда араб деректерінде кивсақтарды атаған және олардың құрамына түрік (Еуразияның түкпір-түкпірінен), албан, орыс, грузин, армян, шеркеш, абхаз, мадияр, мысыр, грек, оңтүстік славян және балқан халықтары кірді. 1250 жылы мамлюктер қазіргі Сирияны, Леванды, Израильді, Палестинаны, Түркияның жартысынан көбін, Грекияны, Хаязды (Сауд Арабиясы) және Египетті қамтитын империя құрады. Мамлюктер екі билеуші ​​әулеттен тұрды: Бахридтер (куман-кивсақтар) және Сиркастар / Шеркеш немесе Бөрұлы.  

Ресей ресми тарихнамасы сілтеме жасайтын Гельмгольдтың «Славян шежіресі» ең маңызды құжат болып табылады. Гельмольд Балтық теңізінің «скифтердің жері арқылы Грецияның өзіне дейін созылып жатқанын», «осы теңізді варвар немесе скиф деп» атайтынын жазған. Сол деректерде даттардың Ресейді «Астерогард» атағанын және Киевті тағы бір атауы – Хунигардтың екенін әрі ол атау ғұндардың елі болғанын мегзейтінін жеткізген. Гельмолдтың жазбасына сәйкес Русьтің негізгі қаласы Кие екенін әрі угорлардың славяндардан «сыртқы жағынан да, тілі жағынан да айырмашылығы жоқ» деп көрсетеді. 

Грек және византиялық жазбаларда (Диакон, Фотий) ростарды «варвар» немесе «скиф» деп атаулары жиі кездеседі. Скиф атауы көбіне Қара Теңіздің солтүстік аймақтарынан бастап қамтиды. Бұл мәлімдемені XII ғасырдың басындағы ежелгі рустік «Өткен жылдар жылнамасында» Византия және ежелгі дәстүр бойынша библиялық Яфеттің ұрпақтары славяндар қоныстанған Солтүстік Қара теңіз аймағы Ұлы Скуф  / Скифия деген жолдар айғақтайды. Осы аңыз XVII ғасырдағы «Словен мен Рус хикаясы» мен Новгород тарихи шығармасында Шығыс Еуропаның ортағасырлық халықтарының – ағайынды Словен, Рус, Болгар ( Еділ болгарларының арғы тегі), Коман (кундар-половцылардың арғы тегі), Истера және Хозар - Скиф тұқымы, Иафеттің шөбересі ретінде жалғасын табады. 

Славяндардың скиф-сарматтардан тарауы жайлы жазбалар XIII – XVIII ғасыр –

лардағы еуропалық тарихи басылымдарда да кездеседі. Олардың қатарында поляк, бавар және британдық ғылыми әдебиеттер де бар.

Сонымен қатар, көптеген ресейлік ғалымдар скифтер мен сарматайлардың славяндардың арғы тегі болып табылатынын айтады. Археологтар Самоквасов, Забелин, М.В Ломоносов және тарихшы академик Данилевский скифтер мен сарматайлардың славяндардың арғы тегі екеніне дәлелдер келтірді. Бұл ретте Екатерина II «солтүстік скифтердің тілі славяндармен бірдей» деп атап көрсетті. Ал Миховский солтүстік скифтердің казактардың ордасы екенін растады. Осы тұжырымды қолдаған кеңестік ғалымдардың қатарында О.Н. Трубачев пен Б.А. Рыбаковтарды атап өтуге болады.

Рус халқы біздің дәуіріміздің VIII-X ғасырларында Балтық пен Қара теңіздері арасындағы өзендердің жолында саудамен айналысқан адамдар ретінде де танылған. Ағылшын тілді зерттеушілер бұл халықты Вайкиң Рус / Viking Rus деп атай бастаған. Байзантайн / Byzantine (Византия) тарихшысы Лео дзе Деакон Рус халқын Скиф деп атайды және олардың грек дәстүрін қабылдағандар деген. 

 Көптеген ғалымдар, олардың қатарында О. Прицак қыпшақты «половец» деген атауына қарап, «сары, ақ» түсті болған десе, қытайдың «Юань Ши» жыланамасында қыпшақтар «шаштары қызғыш-сары түсті, көк көзді» деп суреттелген.

Муймал әл-Тауарлық қазарлар мен рустарды «бауырлар» деп атаса, Мухаммад әл-Идриси, Әл-Қазуйни және Ибн Қалдүн оларды түркілердің бір бөлігі ретінде мегзеген.

Арабтың тарихшысы Ибн Халдун XII ғасырда Ғұз, Рус, Алан, Қыпшақ / Қывжақ, Кун-Қыпшақ, Қаита, Татар, Хаятала (Еуталит), Арқас және Түркеш «Тоғызоғыз – Ункар» деп танылып, түркі тайпалары мен тармақтарына жататынын хабарлаған.

Оногурлар ішкі Азияға қоныс аудару нәтижесінде Понто-Каспий даласына енген алғашқы агуриялық түрік тайпаларының бірі болған.10-шы ғасырдың зерттеушісі Мовсес Қағанқатвати Хонктан шыққан Хундардың, яғни «Оногурлардың туысқандары хонагурлардың Парсыға шабуыл жасағанын» жазып қалдырған. Хонагурлар ол заманда Кавказ бөктері мен Сасан империясының жанында орналасқан. Ғалымдар бұл халықтарға  Хионды (Hyōn) немесе Xwn - ды да байланыстырған. С.П. Толстов оларды IV – VI ғасырдағы Арал өңірінің халқымен салыстырған.

Ал, Омельян Прицак бойынша Печенегтердің отаны Арал теңізі мен Сырдарияның орта ағысы арасында, Орталық Азияны Шығыс Еуропамен байланыстыратын маңызды сауда жолдарының бойында болған. Орхон жазбаларында қаңлыларды Шығыс Түрік қағанатына бағынышты халықтар тізіміне енгізген. 

Прискус / Priscus мәліметтері бойынша 463 жылы Ернактың қол астындағы Сарагур (Огур. Сара, «Ақ Огурлар»), Огур мен Оногурлардың Тинг-линг және Тиеле / Теле адамдарымен байланысын көрсеткен. Бұл халықтардың құрамына ұйғырлар-токуз оғыздары мен оғыз түріктері де енген және олардың ертедегі қонысы Батыс Сібір мен Қазақстан болған.

Арабтың ғалымы Әл Масуди X ғасырларда Кузак-на деген халықтың Урумның Мәсна қаласына кемемен баратынын және оларды Русия деп те атайтынын мәлім етеді (К.Ю. Рахно. «Арабо-персидские известия о славянах и русах и проблема возникновения казачества»).

Рустарды ағашқы рет скифтерге жатқызып, жазба түрде мәлімет қалдырған Аристотель болып табылады. Ол ертедегі жазбаша естелігі «Аспан туралы» жырында скифсак-ростарды (Σκύθας τοὺς Ῥῶς) атап өтеді. 

 Русьтің Скифсакқа жататынын Киевтің алғашқы бегі Олегтің Грек еліне жорығын баяндайтын Русьтің «Өткен жылдар жылнамасы» шежіресінен де табуға болады. Онда былай делінген: «Иде Олег на грекы, Игоря оставив Киеве; поя же множество варяг, и словен, и чюдь, и кривичи, и мерю, и деревляны, и радимичи, и поляны, и северо, и вятичи, и хорваты и дулебы, и тиверцы, яже суть толковины: си вси звахуться от грек Великая Скуфь.»

«Cақ» немесе «скиф» парсының Sakâ (сақа) және гректің Σκύθης (скитцисз) сөздеріне негіздейді, яғни бұлар кеңірек таралған әрі көбірек мәлім терминдер. Қытайша сақтарды Sāi (сай) деп және кейбір деректерде Saq деп те атағаны жайлы тарихта бар. Ал қыпшақтарды қытайлар 欽察 «цзинтия» Qīn chá «қынша» деп атағаны да белгілі. Қытайдағы қазақтар тұратын жер Шыңжаң Xinjiang деп аталады. Осы Xinjiang сөзі ағылшынның Scythian сөзіне де ұқсас, өйткені біріншісі «синцияң» болып оқылса, екіншісі «сцисциян» деп оқылады. Себебі, ағылшының Scythian сөзі гректің Σκύθης сөзіне негізделген.

  Сақтар - Искузай / Iskuzai немесе Аскузай /Askuzai, грекше: Сакай / Σάκαι, латынша: Сакае / Sacae және ескі қытайша: сәк / sˤək  деп те аталады және олар еуразиялық көшпенділер болған. Ресми тарих бойынша олар шамамен - б.д.д. IX ғасырдан біздің дәуіріміздің IV ғасырына дейін батыс және орталық Еуразия даласының үлкен аудандарын мекендеген халықтың атауы.

 Сақтар көлік үстіндегі соғыс қимылдарын игерген алғашқы халықтардың бірі болды. Олар жылқының, ірі қара малдың және қойдың отарын ұстады, терімен қапталған арбаларда тұрып, ат үстінде садақтан жебелерді ата білді. Сақтар дәулетті қорым мәдениеті мен тамаша металдармен және керемет өнер стилімен сипатталатын бай өркениет иелері болды. VІ ғасырда сақтар Алтай мен Қытайдағы Джоу аумағынан батысқа қарай кеңейіп, Понт даласында үстемдік етті. Сақтардың билігі батыста Карпат тауларынан орталық Қытайға және шығыста Оңтүстік Сібірге дейін орнықты. Олардың ордасы Орталық Азияның алғашқы көшпелі империясы деген атауға ие болды.

Қазіргі Украина, Ресейдің оңтүстік еуропалық бөлігі және Қырым аумағында құрылған батыс сақтарын ақсүйек сақтар басқарды. Сақтар «Жібек жолын» - Греция, Парсы, Үндістан мен Қытайды байланыстыратын кең сауда желісін құрып, бақылап отырды. Олардың қалаларында зергерлік әшекей бұйымдары жасалды. Б. д.д. VII ғасырда сақтар Кавказды кесіп өтіп, киммерлермен бірге Таяу Шығысты бағындырып, аймақтың саяси дамуында маңызды рөл атқарған.

Демек, Геродот заманындағы грек дереккөздеріндегі Sakâ және Σκύθης Skythikē сөздерің «Қычике» немесе «Қайзайқ», «Қизай», «Қитай», «Қатай» деп дыбысталуы Қазақ, Қыпшақ / Қытай Қыпшақ, Қият, Гете және Қазақ атауларының нұсқалары болып тұрғанын көрсетеді. Бұл пікірімді төмендегі Скиф және Қазақ рулары мен басқа балама сөздерді салыстырулар тұжырымдайды.

СкифСақ тайпалары                                                 Қазақ тектерінің атаулары мен басқа балама сөздер
Ариан                                                               

“Қасиетті»

Арғын 

«Аруақ»

«Арқа» 

Аримаспи                                                          

                                                                                              

Айрылмас, Aрғымақ 
Аскус / Искузай / Ашкуз                              

                                                                                              

Қазақ  (Оғыз, Есқожа,  Көзей, Ошақты) 

                                                                                                                                                                                   

Будини                                                                Бөдене 

                                                                                              

Haumavarga  

“Қаома ішетіндер”                                                                                              

                                                                                               

Құман-Арғын, Көкмұрын 

«Қамбар ағы» (Саумал, Қымыран, Қымыз) 

«Құман арағы», «Көмбе арақ»

Парадарайа                                                       

“Теңіздің ар жағындағылар”                                              

                                                                                                                                                                                        

Қас (қарсы) Дария  - Фараб                                                                                                                                                                         
Сака / Сакай / Сак                                                                                                                                               Қыпшақ, Қазақ, ЖаҚұт / Сақа                                                                                           
Сай                                                                          Қосай, Көзей, Қарашай - Қарақыпшақ
Scolotoi немесе Scoloti

«ақсүйек», «ханзада», «шах»                                                  

Сақ-Алтай немесе Қанзақ, Қыпшақ Алтай, Құлан Қыпшақ (Клобук), Көлденең, Жағалбайлы

«ЫСКөл(Ал)тай», «Сакалы Ақтар», «Сүйегі Ақтар», «Сәукеле Тәйірі»

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                

Скитзиян /Скутезак / Скитсайк /Скитис             Шекті, Кете, Гете, Қытай Сақ немесе Қыпшақ, Қытай Қыпшақ, Қият
Тиграхауда                                                       

“Шошақ қалпақтар”                                                                                                                                

                                                                                               

Түрік Қыпшақ, Тарақты, Торайғыр (Тік қыр құтылы Қыпшақ), Тайқара (Құлан Қыпшақ) 

«Тік қыр құтылы», «Тік қыр сауытты», «Тығырық бөрікті», «Тік қыр қауақты», «Тығырық қалпақты», «Тығырық Сәукелелі»

«Дулығалы» 

Иссидон                                                                                 Ыссы Тана

 

Дай                                                                                          Адай

 

Массагете                                                                               Матай Гете / Масақ Ата

 

Сақ Тәңірлері және олармен байланысты Грек пен Арийлердің Құдайлары           Қазақша балама ұсыныстар
Апи                                                                    

“Жер құдайы”                                                 

                                                                                                 

Апа, Апай, Әпше, Әпке, Жер Апа немесе Жер Ана (Прото-тұркі. apačɨ, apakɨ - қуыршақ пұт 

Апа Үй / Апа Ай

Арес, Арис                                                          

“ Соғыс (Ұрыс) құдайы”  

«қарғыс», «тақырғы отырғызу», «құрту», «тартыс»                                         

Арыс,  Арыстан, Арқа («кие, желеп-жебеуші»), Ер, 

Көк Бөрі – Ашина  - Қасқыр  - Ай Ер   

«Ұрыс», «Сайыс», «Тартыс», «Текетірес»

                                                                                         

Аргимпаса                                                      

“Киелі”, “Қасиетті”                                   

                                                                                                 

Арғым(ақ) Басшы, Аруғы Ем Басшы

Еркүнбасшы, Арықиембасшы

                                                                                                                                                                                                   

Атар                                                                 “Қасиетті от”  

Бористениз

«Днепр-Құдай»                                                      

Атар (от атар, оқ атар), Адырна, Таң атар, От Ер (От Ағасы)

Бөрі / Бура / Барыс Теңіз

«Өріс / Өзен  Тәңірі – Діңгек / Айдын Пірі»

   

                                                                                                                                                                                 

Ойтосирос                                                                     

“Садақшылар, әуез және би, шыңдық және көріпкелдік, емдеу және аурулар, Күн және жарық, ақындық және басқалардың Құдайы”                           

             

                                                                                                       

Oi Takhsyr - Ойбас (Қыпшақтар ұраны)

Ер (Өр) Төстік  

«Аңшы, садақшы, шындық іздеуші және басқа қасиеттері бар» 

Жой Тақсыр 

Астархан / Қаздархан 

«Ойып түсер», «Ойып түсүруші», «Ой түсүруші», «От түсүруші», «Үйітуші», «Тойтарушы» (балама мағыналар)

Қой Тақсыр (түркі аңызында Күн Құдайы)

  

Папайс  (Зевс)                                                              

“Бәрінің әкесі”                                                                   

“Көк Тәңірі”                                                                     

“Құдайлардың патшасы”                                                             

                                                                

                                                                                                                 

Зеус   

«Күркіреу құдайы»

«жебе атқыш»                                                                                                                                                                

 

Баба «Бәрінің әкесі»

Баба Ай / Атай

Пай-Пай (Прото-Алтай: p῾ăp῾a шаман, сиқыршы: эвк. Haptaj) 

Жайық / Дайық / Жайын / Жүз

«Жауыз Керей» (Жер асты ханы),

Жай, Жеуіш, Жебе, Үш Жүзді

Жауыншы

                                                                             

Табити                                                                             

“Ошақ құдайы”                                                        

                                                                                                    

                                                                                                    

                                                      

                                                                                                     

Табан Еті (От Ана Умай Ананың табан етінен жаралған)

Табалдырық 

«ОТ Апше» 

«Там Биі» (ОТау Бітігі) 

«Тәңірі Бикеші» 

«Табақшы»

«Табушы»

«Төбе Иесі» / Төбет - «үйді қорушы»

                                                                                                

Тагримасадас                                                                 

“Теңіз құдайы”                                                           

                                                                                                      

Тәңірім Су Атасы, Тәңір Масағы / Төрт Масақты

Тарқамас, Тархан – ДарияХан, Теңізхан

Тангрім Асау Теңіз / Каспий - Қазыби

Заратуштра                                                                    

                                                                                                     

         

СКифсақ / Сары Матай  сөздері  

                                                                                           

 Ас

«жасақ басшы

Шалвар      

«шалбар»                

Көзөг              

«көзі оқ»                                                                                 

Қызық                                                                      

«жақсылап тыңдау»      

Бадақ

«отыру» 

Кинше   

«әйел»     

Дану

«су, өзен»  

Аспа

«ат»     

Ойер                         

«адам, ер адам»

Пата

«өлтіру»                                                                               

Жасақ /Қазақ /Қадір /Қазар

«Жаратушы»  

«Жайратушы»

Қазақша баламалар

Арыс

Бас / Басшы

«қолбасшы»

Батыр

«жасақ басшысы»

«қолбасшы»

Асық - Сақа

Асаба

Қас Батыр 

Көсем – Үстем

Жасаушы

Жасақшы

Шалбар            

Көзі оқ / Қызығі

    

Қызығу

«таң қалу»      

Бадалу

«бата отыру»

Келіншек, Жеңше

«кимешек киетін»

Теңіз, Тоған

«Далай – су тәңірі»

Жайық / Дайық – 

«су тәңірі»

Ат

Қасабалы (7 жасар бие) 

Ер, Әйел

Ату, Бітіру, Батыру, Балталау

«Бата беру»

                                                                    

Сақа сөзінің негізгі мағыналары қатарына «садақшы», «көшпенді» сөздері ұсынылған. Енді бір пікірлерде Сақ атауы «елік», «бөрі» дегенді білдіреді дейді. Бұлай болған жағдайда Қазақ Елі (Ә.И. – ҚасқырЕлік) және Елік Бөрілі Қыпшақ атауларымен сай келетіп тұр деуге болады. 

Қыпшақтар туралы немістің ғалымы Карл Фридрих Нейман былай дейді: «Ежелден қыпшақтар жерінде өмір сүрген құмандар бізге түріктер ретінде белгілі. Дәл осы түріктер, Жайық жерінен келген жаңа қоныстанушылар емес, ежелгі скифтердің шынайы ұрпақтары, олар қазір дүниежүзілік тарихта половцы деген атпен қайтадан кездеседі.».

Қыпшақтар Орхон жазбаларында “сір” немесе “сары” деген атаумен кездесіп, 9 ғ-да қимақтар ығыстырған кезде шары (сары) деп атаған. 

Кеңестік және ресейлік тарих ғылымдарының докторы Светлана Александровна Плетнёва Қытай деректерінде Қыпшақ атауы алғаш рет б.д.д. III – II ғасырларда кездескенін айтқан. Ол жазу екі иероглифпен «чин-ча» деген атауды білдірген. Дәлірек айтқанда Плетнёва былай дейді:  «Половцы — так называли их русские современники в XI—XIII вв. Византийцы, а за ними и вся Западная Европа именовали этот народ команами. Об этом хорошо знали русские летописцы, которые иногда считали нужным разъяснить в своих записках: «...половцы, рекше команы», т. е. половцы, именуемые еще и команами. Восточные орды этого этноса, кочевавшие в заволжских и приуральских степях, вплоть до Иртыша, назывались кипчаками. Под этим именем они вошли на страницы арабских и персидских рукописей. Китайцы же транскрибировали слово «кипчак» двумя иероглифами: «цинь-ча». Следует помнить, что китайские летописцы знали цинь-ча в III—II вв. до н. э., а византийцы и Русь столкнулись с ними спустя 1300 лет — в XI—XII вв.» - деген. 

Бастапқыда «половцы» этнонимі «поле» - дала сөзімен байланыстырылды. Яғни дала тұрғындары деген мағынада айтылған. Ал, қытайлық Юаньши шежіресінде XIII ғасырдың орта шенінде қыпшақтар кинча деген атаумен де кездеседі. Осылайша, біздің дәуірімізге дейінгі III – II ғасырларда чинча аталған қыпшақтардың ізі жалғасады. 

Қыпшақтардың ата-бабалары – Си, Сары, Сирчак және қытай деректеріндегі Сюэянто IV-VII ғасырларда Моңғол Алтайы мен Тянь-Шань арасындағы далада көшіп жүрген. Тіпті, ғалымдар Ушницкий, Бартольд және Ибн Халдунның деректеріне сүйеніп, қыпшақ пен моңғолдың бір халық болғанына көз жеткізуге болады. 630 жылы олар «Қыпшақ» деп аталатын мемлекет құрған. Қыпшақ атауының тасқа қашалған жазба түрін Рамстет 1909 жылы Орталық Монғолиядағы тас ескерткіштерден тапқан. Бұған қоса, 2006 жылы осыдан 2500 бұрын өмір сүрген Скифсактың мәйітінің табылуы, моңғолдар мен қазақтардың ата-бабасының бір болғанын көрсетеді.

Ертедегі орыс жылнамаларында, дәлірек айтқанда 1055 жылдары куман -қыпшатқар - половец немесе «половчане»; кейінірек татарлар (грек. τάταροι), сарочиндер, еуропалық және византиялық деректерде - құмандар (лат. cumani,  грек. comani, грек. kο[υ]μάνοι) венгр дереккөздерінде – күндер болып танылды және олардың өз мемлекеті болған. Қыпшақтардың мемлекетін парсы деректерінде Дешті Қыпшақ деп көрсеткен. Осыған байланысты, Русь атауы РуСе (бұндағы Се жоғарыда аталған ежелгі Қыпшақ атауының бірі) сөз тіркесімен де келеді деуге болады. Дешті Қыпшақ ежелгі карталарда (төменде) Chap Chac немесе Қыпшақ Имериясы (Empire of Kipchak) және Алтын Орда (Golden Horde) деп көрсеткен. 

 

17 ғасыр. Автор: Жан Баптист Нолин.

Дешті Қыпшақтың Еуропалық Golden Horde (Алтын Орда) атауы скандинавтық Gardar / Гардардың мағынасын аша түседі. Бұған себеп – ағылшын тіліндегі gold – «алтын» сөзі латынның aurum – «алтын», протоиндоевропалық  ghelm – «сары», «жарқырау», «жайнау» сөдерінен болып, француз тіліндегі or – алтын сөзімен туыс болады.  Осылайша, ағылшын немесе латын тіліндегі horde – «орда» сөзімен қазақ тіліндегі орда сай болады. Ол сөздер мағынасы жағынан да сәйкес келеді. Демек, Гардардың Ghorda / Гхорда ұғымы Golden Horde – «Алтын Орда» тіркесімен балама болып тұр. Егер Голден Хорд тіркесін бір сөзге біріктірсе, онда Гхорда болып шығады.  Ал, протоиндоевропалық ghelm – «сары», «жарқырау», «жайнау» сөзі аталған сөз тіркестері мен мағыналары Сарай (Сары Үй), Сыр Дарья, Қоңырат (Күнқырат, Күн Орда), Қоныс Орда атаулармен балама жасайды. Демек, Gardarik атауының қазақша баламасы Garik Orda, Garik Turak және Garik Tairi тіркестері де бола алады. 

XIX ғ. басында ағылшын тарихшысы Шэрон Төрнердің «Англо-саксондардың шығу тарихы» еңбегінде скифсактар – герман тайпаларының ата-бабасы болып табылатынына дәйектер келтіріледі. Аталған кітапта Шэрон Төрнер антикалық заманның тарихшы, зерттеуші әрі ғұлама ғалымдары Птоломей, Страбон, Гомер, Геродот, Диодор және т.б. сілтеме жасай отырып, англо-саксондардың Кембрия түбегі мен оның айналасындағы аумақтардан келгенін және олардың Эльба мен Рейннің аралығында орналасқан саксондардың ұлы бірлестігінің бір бөлігі деп атап өтеді әрі олар біздің дәуіріміздің 141 жылына дейін өмір сүргені туралы дерек барын айтады. Ол кездегі англо-саксондардың қазіргі ағылшындардың арғы тегі екенін айта отырып, былай дейді:

“The early occupation of Europe by the Kimmerian and Keltic races, has been already displayed. The next stream of the barbaric tribes, whose progress formed the second great influx of population into Europe, where the Scythian, German, and Gothic tribes.  They also entered it out of Asia. It is of importance to recollect the fact of their primeval locality, because it corresponds with the circumstance, that Herodotus, besides the Scythia, which he places in Europe, mentions also an Eastern or Asiatic Scythia, beyond the Caspian and Iaxartes.”  Яғни: «Европаға киммерлік және кельт халықтарының көшуіне бұрынырақ тоқталған болатынбыз. Барбарлықтардың Европаға келесі легі скифсақтар, германдық және гот тайпаларынан тұрды. Олардың алғашқы мекен еткен жерлерін ұмытпаған абзал, себебі солай болғанда ғана, біз Геродоттың Европада орналасқан Сақиямен бірге Каспий теңізі мен Сырдария өзенінің ар жағында Шығыс немесе Азиялық Сақияның бар болғанына меңзегенін түсінеміз».

Менің зерттеуімше, Геродоттың жазбасында көрсетілген Сколотиға «ақсуйек», яғни «көсем» скифтарына - барлық қазақтарды жатқызуға болады. Себебі, Қазақ жене Қыпшақ атауларының өзі хан, шах – падишах, көсемдік және ақ сүйектік мағынаны беретін сөздері отыр. Ол сөздер Қанзах (Ә.И.), Қыпшах (Ә.И. -  «Көпшах немесе Көкшах»), Көс(ем)шах (Ә.И), АқСүйек – Қазы(сы)Ақ (Ә.И. яғни «сағы, қабырғасы ақ». Салыстыр: Қазықұрт – Қазы Жұрты, ҚазыАқҰрт). Оның үстіне, эллиндер Скифсақтың  Алыпқосай (Ә.И.), Арықбексай (Ә.И.) және Құлақосай (Ә.И. - «Жылы, Жарық, Сары немесе Жолақсай») деген үш ағайындыдан тарайтын тайпаларының барлығын да ақсүйек ретінде таныған. Ақсүйек ұғымын қазақ тіліндегі «сәукеле», яғни «шұғыла» сөздері де берер еді. Демек, Қазақ атауы «сәукелелі» немесе «шұғылалы» деген мағынаны да береді.  Сонымен қатар, ежелгі гректің Сколоти сөзіне айтылуы жағынан жақын келетін Жағалбайлы атауына мән бергім келеді. Бұған, ең алдымен, Жағалбайлының таңбасының балта немесе шеккіш болуы өзек болып отыр. Балтаның маңыздылығы Геродот айтқан аңыз бойынша үш ағайындыға Скыпсақ жерінде патшалық құрулары үшін алтыннан жасалған бұйымдардың бірі және ол кездегі Скифсак балтасының пішіні Жағалбайлының таңбасы сияқты «Т» әріпіне ұқсас болған. Гректердің айтуынша скифсактар балтаны сагарис (салыстыр: шапқыш, шеккіш) деп атаған. Балтамен бірге соқа, қамыт (салыстыр: босаға белгісі) және қазанды (қазына) ағайындылардың ең кішісі ғана қолын күйдірмей ұстай алады. Осыдан соң қалған екеуі кіші інілерін би (бай) етіп тағайындайды.  Геродоттың жазбасына сәйкес Алыпқосай («тау тәңірі» - Албасты), Арықбексай («су тәңірі» - Арықбақсы) және Қаулауқсай («күн тәңірі» - (Күл(н)шетай) – Скыфсақтың ең алғашқы ханы Тарғынның / Төреханның / Дарханның балалары болып табылады. Демек, Тарғын ақсалдың есімінің мағынасына да сай келетінін ескерсек, менің пайымдауымның дұрыстығына шүбә келтірмеу керек. Қолақсайдың Күн-Би болуы, Жағалбайлы атауының түбірі «жағу», «жағылу» сөзіне сай келеді. Бұған қоса Жағалбайлы тегінің атауының мағынасы «жағалтай (бектергі, қаршыға, қыран)» сөзінде болып тұр. Жағалтай прото-түркі тілінде jakɨl, орта түркіше jaɣlabaj болады. Хан әулеттерінің қыран құстармен аңға шығуы және жалпы бүркіт, сұңқар құстарының билеушілердің белгісі ретінде танылуы бесенеден белгілі. Осыған байланысты, ол замандарда қазақтардың арасында киелі құстардың атауларын беру кең тараған. Ол дәстүрді Қыз Жібектің ағасындай болған шектінің көсемі Сырлыбайдың уәзірі Қаршығаның есімінен да байқауға болады. Жалпы, Түркі әлемінде Бүркіт текті құстар қасиетті және киелі саналған Күн мен Құдіреттің Тәңірі есептелген. Менің тұжырымымды «Қазақ энциклопедиясында» берілген Жағалтай туралы мағлұмат нақтылайды.  Осы орайда, сұңқар, бектергі немесе сақалтай құстарының славян тілдерінде сокол, сокола, кобчик (салыстыр: Ковуй – қыпшақ руы) болып аударылуы Сколотай (ЫСКөлАлтай - Сағалтай), Скифчак атауларына сай екендігін көрсетеді. Бұған қаршыға текті құстардың сыртқы келбетін сағал, жағал немесе тарғыл деген синоним сөздермен суреттеуге болады. Ал, сокол сөзінің өзі протоиндоевропалық чакунтис сөзіне негізделуі оның түркі тіліндегі қаған сөзіне лайықтандырады.  

Ресми деректер бойынша гректер қазіргі Украинаның оңтүстігіне, яғни Қара Теңіздің солтүстігі мен Қырымға б.д.д. VII ғасырда орныға бастаған. Ал, б.д.д. IV ғасыр шамасында жергілікті скифсақтардың бір бөлігінің грек мәдениетін қабылдауы байқалады. Геродоттың айтуы бойынша скифсактар мен гректердің араласуынан Гелон халқы пайда болған. Бұған дәлел Украина аумағында табылған көптеген Скифсақ қорғандары бола алады. Сол қорғандардың бірінде, яғни Күл Оба (Қырымда) зиратында грек нақышында жасалған скифтік бұйымдар сақталған. Олардың арасында алтыннан жасалған Афина Құдай Ананың мүсіні де болған.

Скифсақтарға соғыс өнерінде ешкім тең келмеген. Сондықтан, үлкен әскери шығындарға ұшырай бастағаннан кейін Византия дипломатияны өзінің қаруы етіп сайлап, «Варварлар бюросын» ашады. Әскерінің саны 150 мың айналасында бола тұра, бұл империяның шамасы өзінің көршілеріне жетпейді. Осылайша,VII ғасырда Византия халықтарды бір-біріне айдап салып, «бөліп ал да, билей бер» саясатын қолданады. Византия соғысты дипломатиямен жүргізе бастайды.

Жылдар өте скифсақтардың Грек / Византия мәдениеті мен тіліне өтуі біртіндеп күшейіп, қыпшақтардың жаппай християн дінін қабылдауы жүріп жатады. Тіпті X – XIV ғасырлар аралығында византиялық орталық әскерінің қатарында қызмет жасаған қыпшақтарды Skythikoi / Skythikon деп атайды. Қазіргі заман тілімен айтқанда «гибридтық» тәсілдер мен санкциялар қолданады. Бұндай жағдайды П.Б. Голден «Құман-Қыпшақтар және олардың әлемі» еңбегінен де байқауға болады. Сонымен қатар, жылнамалардың өздерінде жергілікті халықты күштеп християн дініне өткізіп, гректендіргендіреді, ал келіспегендерін қуып жергені жайлы деректер де бар. Нәтижесінде, 988 жылы Киев Өңірі халқы ресми шоқындырылады. Шоқындыруды 978 – 1015 жылдары араб деректерінде «Руз Қағанаты» атауымен белгілі болған Киев Ордасын Владимир Святославич қаған жасайды. Бастапқыда, Владимир Күн Құдайы Хорус -Қоросқа (Салыстыр: түркіше – Күйаш. Ә.И. – Қорқытқа.), жоғары құдай Даждыбогқа (Ә.И. Жайықа – Дайыққа) сыйынатын және мұсылман дініне өтуді жоспарлап, Хорезм шахына елшісін аттандырады. Алайда, Византияның билеушісі Василий II Владимирді Киев Өрісі халқын христиан дініне өтуге көндіреді. Оның себебі, Византия патшасы өзінің қызы Аннаны Владимирге әйелдікке алуға қойған шарты – Киев жұртын шоқындыру болатын. Осыдан бастап, Қазақ / Қыпшақтардың гректенуі, қан араласуы әрі жікке бөлінуі, яғни қазіргі заман тілімен айтқанда «сепартизм» жедел қарқынмен жүре бастайды. Ал, Византияның мүддесін қорғап, соғыссыз ұлан-ғайыр өңірді Василий II-нің қол астына өткізгені үшін Владимир «киелі», «қасиетті», «ұлы», «шоқындырушы» және «қызыл күн» деген атақтарға ие болады. Шоқыну Киев қаласының халқы ғана салыстырмалы түрде қарсылықсыз қабылдағанымен, Көк Орданың, яғни Киев Урусының басым көп аумағында қантөгіс болып, тәңірлік және мұсылман дінінде қалады. Кескілескен ұрыстың бірі Новгород қаласында болды. Бұл қала Рустың ең алғашқы астанасы ретінде қарастырылады. Скандинав деректерінде Новгород каласын Холмгардр деп атаған. Оның мағынасы ресейлік мағлұматтарда «аралдық қала» деп, бұл қаланы Ілемен көлімен орайластырады. Бұл деректердің негізінде Новгород қаласының ежелгі атауы Көл Орда, яғни «көл ортасындағы қорған» немесе Қалың Орда болып тұр деп тұжырымдауға болады. Ал, Новгородтың орысша мағынасы «новый город» болып нұсқалануы, Қалың Орданың синонимы болатын Ну Орда болып тұр. Қала атауының мағынасы мен айтылуы Қаңлы / Қаңғар және Қалмақ сөздеріне жақындығын көрсетіп тұр.

Жалпы, тарихи шоқындандыру Орта Азияда да жүріп жатады. Орта Азияның христиан дініне өтуі б.д.д. 250 жылдары басталады. Ал, VII ғасырда Махмұд Қашғари оңтүстік-шығыс Дешті-Қыпшақта Мәсіхті уағыздаушылар барын айтады. Қашқаридің айтуынша, Исфиджаб пен Таразда, Қашқар мен Өзгенттен Куваға дейін Иса Қристаның ілімін тарататын соғдылар болған.

Қазақ халқын толық християндандыру мақсатында 1303 жылы «Кодекс Куманикус» сөздігі жарық көреді. Қыпшақ / Қазақ – Татар тілі сол заманда мемлекетаралық байланыс құралы еді және ол қызметін XIX ғасырға дейін атқарды. 

Шоқынған қазақтар жайлы 1489 поляк мәліметінде Поляк королі Ян-Альбрехтің  әскерінің татарларға қарсы жорығында «христиан казактарының» Подолияға жол көрсеткені хабарланады. «Сол жылы Василий Жыл, Богдан және Голубецтер отрядтары Днепрдің төменгі ағысындағы Табан өткеліне шабуыл жасап, татар гвардиясын тарқатып, көпестерді тонайды».

Неміс тарихшысы Г.Штекль татарлардың орыстануы туралы былай дейді:

«Алғашқы орыс қазақтары, яғни татарлар шомылдыру рәсімінен өтіп, 15 ғасырдың соңына дейін орыстандырылды».

Түркі халқын бір-біріне қарсы қою арқылы шоқындырудың және гректендіру саясатының кейінгі ғасырларда жалғасын тапқанын және ол XVII ғасырға да тән болғанын Орыс ғалымы Карамзиннің «Ресей мемлекеті тарихы» еңбегінен байқауға болады: «Козаки образовали воинскую Христианскую Республику в южных странах Днепра, начали строить селения, крепости в сих опустошенных Татарами местах; взялись быть защитниками Литовских владений со стороны Крымцев, Турков и снискали особенное покровительство Сигизмунда I, давшего им многие гражданские вольности вместе с землями выше днепровских порогов, где город Черкасы назван их именем. Они разделились на сотни и полки, коих Глава, или Гетман, в знак уважения получил от Государя Польского, Стефана Батори, знамя Королевское, бунчук, булаву и печать. Сии-то природные воины, усердные к свободе и к Вере Греческой, долженствовали в половине XVII века избавить Малороссию от власти иноплеменников и возвратить нашему отечеству древнее достояние оного. — Собственно, так называемые Козаки Запорожские были частию Малороссийских.».

ҚАЗАҚ ТАРИХЫ ТЕРЕҢДЕ

Осынау Ресей тарихын алғашқы рет жалпылап құрастырған ғалымдардың бірі Н.М. Карамзиннің өзі Орынбор өңірінде XIX ғасырда дүниеге келген әрі Қарамырза деген татар тегінен еді. Қарамырза аталмыш «Ресей мемлекеті тарихының» 5- томының 4 – тарауында С.М. Соловьевтің «Мустафа Царевич туралы хикаясында» 1444 жылдың аяғында Рустегі Рязань қазақтарының рязаньдықтар мен мәскеуліктерге көмекке барып, Татар князі Мұстафаға қарсы шыққанын тілге тиек ете отырып, Өзеудің (Днепрдің) Киевтің жағасында тұратын Торки мен Берендейлердің  (Ә.И. - Торы мен Бөренділердің) Черкас (Ә.И. – Шеркеш) деп аталғанын және Козактар да солай аталғанын мәлімдейді. Сонымен қатар, ол жылнамаларда жазылған Каспий мен Қара Теңіздері аралыгында мекен еткен Косог халқы мен Византия патшасы Константин Парфигорей (орысша – Багрянародный) жазып кеткен ҚАЗАҚИЯ мемлекетінің дәл сол аймақта орналасқанын да айтады. Карамзин аталған жердегі Шеркешті осетиндер сол заманда Қасақ деп атайтынын нұсқаған. Оның орысша жазылған нұсқасы келесідей:

«Итак, Козаки были не в одной Украине, где имя их сделалось известно по истории около 1517 года; но вероятно, что оно в России древнее Батыева нашествия и принадлежало Торкам и Берендеям, которые обитали на берегах Днепра, ниже Киева. Там находим и первое жилище Малороссийских Козаков. Торки и Берендеи назывались Черкасами: Козаки — также. Вспомним Касогов, обитавших, по нашим летописям, между Каспийским и Черным морем; вспомним и страну КАЗАХИЮ, полагаемую Императором Константином Багрянородным в сих же местах; прибавим, что Оссетинцы и ныне именуют Черкесов Касахами: столько обстоятельств вместе заставляют думать, что Торки и Берендеи, назывались Черкасами, назывались и Козаками.».

Сонымен қатар, шеркестер (кейбір деректер бойынша шеркештің дұрыс атауы Керкет немесе Төретай) деп те аталған. XVIII ғасырдың орта шені мен XX ғасырдың басына дейін Ресей патшасының Кавказдағы соғысының нәтижесінде негізінен Ислам дініндегі касахтар 700000 – 1500000 адамынан айрылады, қалғанын орыстандырылады.  

Деректер бойынша касогтар кас, качак, кешек, кашак, касах атауларымен танылған Шеркеш / Шаған немесе Адығ халқы. Шеркеш атауы орыс деректерінде Черкас немесе Черкес деп көрсетілсе, латын тілді дереккөздерде Сиркас / Circassie деген атаумен белгілі. Осетиндіктер Кабарды елін -  Кæсæг, ал кабардылықтардыкæсгон деп атаған. 

Араб елтанушысы әрі тарихшысы Әл Масуди кашактардың алтынмен апталған маталардан киім киетінін және сиқырмен айналысатынын айтқан. Әл Масуди өз зерттеуінде кешек сөзі парсы тілінен аударғанда «маңғаз (намысқой, тәкаппар, менмен), көкірек (кеудесіне нан пісу)» деген мағына береді деген.


1714 жылғы карта. Авторы: Chatelain Henri, 

Guedeville Nicolas. 

Константин VII Касахияны Зих елі мен Алан мемлекеттерінің арасында орналасқанын жеткізсе, X ғасырдың «Худуд-Әл-Әләм» шығармасында Кәсәг (Кесег) қаласы Алан жерінде деп айтылады. Кәсәг мемлекетімен Таматархан, Абхазқ / Абақзы, Папағы / Пағағы / Кабарды және Зих/Зигети/Джигети / Лех / Шигети хандықтары да көрші болған. Кейін Таматархан қаласы Русьтің астанасы болады. «Өткен жылдар жылнамасында» Таматархан бегі Мстислав пен Касог ханы Ірідәде (Редедя) жекпе-жегі Қазақ халқының атауындағы бұл мемлекеттің тағдырын шешеді. Ал, ресми тарих бойынша Көк Түріктердің V – VI ғасырлардан белгілі Таматархан / Төментархан қаласының қамалының атауы Осман / Түрік қағанаты кезінде Күнқамал болған.  

Байқап отырғанымыздай, Қасах атауымен танылған елдер Қазақ рулары мен ұрандарының есімдерімен сайкес келеді. Сонымен қатар, парсы тілдес Адығ, Абхаз бен Қабарды халықтары өздерін Шеркеш не Қасақ деп атамайды. Бұл атау оларға Қазақ халқының бір бөлігі болған кезде берілген. Адықтардың символы –12 елдік, 3 оқтылық.  Осы халықтардың жақын туыстары түркі тілдес Қарашай – Балқар халықтары болып табылады. Қарашай-Балқарлардың Шегемлі, Бақсанлы, Малалы, Таулылы және Холымлылы шатқалдарының атауларымен бірдей есімдері бар. Ал Джигети / Зигети ханлығының атауы Қазақ Хандығының Гета атауымен сай келетінін Батыс мемлекеттеріндегі Қазақ Хандығының карталарының бірінен байқауға болады. Ол картаны саясаттану ғылымының докторы Мухит-Ардагер Сыдыкназаровтың алып келген Қазақ Хандығының карталар жинағынан да көруге болады.

Балкарларды кейде Қубан мен Терек өзендерінің сайларын мекендейтін Бес Тау Елі деп таниды. Ал, Балкар атауы Бұлғар есімімен сайкестендіріледі әрі Сарматайға, яғни Онгурлар / Угур мен Языктарға телейді. Олардың астанасының атауы Балық қаласы болған. Татищев Бұлғарды Биляр / Пуляр сөзімен байланыстырады. Демек, бұл елдерді біріктіретін Скифсак, Көк Түрік және Қыпшақ мемлекеттерінің құрамында болғандары әрі мәдени және тілдік жақындықтары болып тұр. Шеркештің 12 руының ішіндегі Шабсуг, Темерғой және т.б. тектерінің атауына Қазақ тектерінің атаулары сәйкес келеді. Шеркеш / Сиркас / Қазақтар – Қыпшақ-Мәмлүк қатарында болып, екі үстем әулеттің бірі – Бөржии  әулетін басқарған. Екінші әулеттің есімі Бақри болған. Бөржииді арабтар «мұнара» мағынасымен, ал Бақриді Мысыр еліндегі Бақри өзенімен байланыстырған. «Қазақстан энциклопедиясындағы» дерек бойынша Жағалбайлының ата-бабасы Бөржиннен болған. Демек, бұл тұжырымым да дұрыс болып тұр. 

Мәмлүктердің тағы бір атауы Геродоттың айтып кеткен Гилон атауына сәйкес келетін Гхилмен / Гуләм / Көлмен болды. Ал, Сиркастың арабшасы al-Jarākisa деп аталды әрі Мәмлюк мемлекетінің екінші атауы Сиркассия болды. Осы жерде протоевропалық ағылшын тіліндегі гоулд, яғни «алтын» сөзінің протоиноевропалық гхил сөзі еске оралады. 

Мамлюктерге «әл қазақ – «патша» деген лауазым да берілген. Ол туралы Аялон Д. «Мамлюк сұлтандығындағы фурусия жаттығулары мен ойындары туралы жазбалар» еңбегінде сұлтанның таңдаулы оққағарларына «әл-хассакия» атауының берілгені жайлы айтылса, 1308 жылғы Қырымдағы Сугдей қаласында Құдайдың құлы Самақ ұлы Алмалчуды казактар өлтіргені жергілікті «Синкарада» хабарланады.

Енді Сиркаспен байланысты берілген атауларды салыстырайық:

Сиркас / Адығ ру атаулары мен мағыналары Қазақ ру атаулары мен басқа баламалар
Адығ

«Ата Ай»

«он екі ру»

Адықей

Зиг / Загети / Джигети /Шигети

«су адамы»

«өзен адамы»

Абқаз 

«су адамы»

«өзен адамы»

Ағбыз

Кабарда

«тау халқы»

«шың халқы»

Балкар (Болгар)  

Бес Тау шатқалынан /Бес оқты / Бес Үңгір

Пагагы 

Биляр / Пуляр / Падзинакой

Кәсәг

Керкет

Қасоқ

Қас

«қаз»

Мала Таулы

Сәркәс / Шаған

Сарматай

Қарашай

Жанай

Мамқығ

Шыпсығ / Қыбже

Папаги / Погаги / Пажаги

Үш оқты (таңбасы)

Угор / Оногур / Угират / Утиге

Убық  / Пеху

Холымлылы

Черкес

Таман 

Теміргөй

Язық

Ярақкеси

«ай адамы»

Адай

«Ада Ай»

«он екі ата»

Адықай 

Чиг / Шағатай / Кете / Шекті

Массагете / Гета / Қият

«Жайық Атай»

Абақ 

Жаппас

«өзен жағасындағы»

«балықшы»

«аппақ қаз»

Мүйізді Сары Абыз 

Көк бөрі / Қарабалық

Бөрілі / Бөрі енді

«көктегілер»

«төрдегі»

«төре»

«мұнарадағы»

Балықты / Балғалы

Бес інді / Бес Енді - Бес Таңбалы / Печенег

Бақсы / Бозоғы / Бағаналы

Байұлы / Половцы / Бай он екі үй

Кесекті

Көсег

Керейт

Кузак-на / Кунзак / Қос оқты / Қазақ

Қаз

«қаз»

Малатау

Сарықасқа

Сирчак

Сароцин

Шақшақ

Сары Матай

Қарақыпшақ

Қаратай

Жақайым

Жаманай

Маңғыт

Қыпшақ

Байбақты / Бажанақ / БайЖағал

Үш оқты / Үш жүзді

Қоңырат

Уңгіт

Уақ

Тобықты

Қаңлы

Шеркеш

Тама

Есентемір

Ызық / Жазық / Жайық / Есік (Босаға)/ Қазақ

Жарық кісі

И.Л. Қызыласов, А.В. Гадло, Н.Г. Волкова және тағы басқа тархшылардың пікірінше, Қасақтар Орта Азияның түркілері мен Еділ бойының угрларымен байланысты. Олардың ойынша, бұл халықтарды I – VIII ғасырларда Қазарлар Қауқаз жерлеріне қараушы және шекараны бақылаушы ретінде көшірген.   

Ал, бірқатар ғалымдар, олардың қатарында Г.А. Меликишвили, Е.П. Алексеева сынды тарихшылардың пайымдауынша, Сиркас / Кәсәк халқының тарихы Кіші Азияның яғни қазіргі Түркияның Анадолы аймағында осыдан 3500-5000 жыл бұрын мемлекеттік құрған КАСКА / ГАСГА жұртынан тамырын алады.

Агглютинативті тілде сөйлеген ежелгі елдердің бірі -Kaska / Каска немесе Kaška / Қашқа (Ассирия тілінде), Табалдық Kasku / Каску және Gasga / Гаска деген атаумен белгілі болған. Олар шығыс Анатолы мен Қара теңіздегі Хет аймағы арасындағы таулы өлкеде өмір сүрді. Бұл халық туралы алғашқы дерек б.д.д. 1450 жылдарда Хантили II-нің Хетит тіліндегі дұға жазуларында кездеседі. Ол деректе Хантилидің ұлы Тұдалия II б.э.д. 1430 ж. Нерік қаласы үшін Каскаға жорығы туралы, сондай-ақ, каскалықтардың бұрын басып алған қалалары Қамама және Залпуваның Хетиттердікі екені баяндалған.

Қазіргі кездегі Түркия мемлекетінде орналасқан Maşat Höyük / Машат Хөйюк қаласында табылған б.д.д. шамамен 1330 ж. хаттарда Касканың шығыс жағында орналасқан Hayasa-Azzi / Хайаса-Әззі (кейде Әззі-Хайаса) мен Isuwa / Ысыва елдерімен, сондай-ақ хеттіктердің басқа жауларымен бірігіп, хеттердің астанасы Hattusa / Хаттус қаласын отқа бөлегені жазылған. 

Б.д.д. 1375-1350 жылдары Казахия Әззі-Хаясаның Пияпили есімді бегіне көмекке 9000 жауынгер мен 800 соғыс күймесін жіберген. Сол қақтығыстарға қатысқан қасқалардың 12 тайпадан тұратыны айтылған.

Мысыр пірқауыны Аменхотеп III «Амарна» хаттарында Арзаван ханы Тархунта-Радуға «Хаттуста елі» жойылғанын және Арзавадан бірнеше каскалықтарды Мысырға аттандыруын сұраған. Себебі, хеттіктердің әскер қатарында біраз каскалар болған.

Каскалар құдайларын Діңгір деп атаған және негізгі құдайларының бірі Кашку /Казак / Кадак болуы мүмкін. Касканың мәдениеті Хет немесе Хатаның / Хураның арғы мәдениетімен байланыстырылады.

Хуралық ай құдайы - Күшікті Угарит / Ugarit тілінде кдш / kdş немесе кзғ / kzġ деп жазады. Күшікті Харанның Кузина құдайымен бір есептеген.  Күшік немесе Кузина құдай Калутидің тізімінде Күн құдайы Šimige /Шiмiге есімінен бұрын берілген. Күшүк құдай «Ай құдайы» деп те аталады және Хеттердің Каскуқ құдайымен теңестірілген. Демек, Кашку сөзі, бір жағынан, түркі аңызындағы Қашқыры, яғни Ай Ата.

Жұмақтың Күн құдайы (хеттіктер: nepišaš Ištanu) хеттік Күней тәңірі еді. Хеттер оны Арина / Arina «Күн құдайшасынан» кейінгі екінші құдай ретінде таныған. )Сонда, Аринаның қазақ тіліндегі Арай сөзімен сәйкес болып тұр). «Жұмақтың Күн құдайы» Хурралық «Күннің құдайы» Шімігемен  бірдей деп танылды. «Жұмақ Күнінің» құдайы Месопотамиялық күннің құдайы Шамаш секілді заңның, заңдылықтың және шындықтың құдайы ретінде танылды. 

Осы жерде Шіміге деген атаудың Қазақ тіліндегі шімірігу, яғни «қызару» және шымыр сөздеріне және Кимек-Қыпшақ атауымен, ал кдш / kdş немесе кзғ / kzġ жазуларының Каска, Казка, Қазақ сөздеріне сәйкес келетініне және хунгарлық (венгрлік) Kacsa, украиндық Kachka, поляктың Kaszka, литваның Ẑąsis және армян тіліндегі Sag /սագ «үйрек» сөздеріне жақын айтылатынын айтқым келеді. 

Төменде ежелгі Каска мен қазіргі Қазаққа қатысты ұғымдар мен сөздердің сәйкестіктері мен салыстыруы беріледі:

 

Каска термині және оның мағынасымен байланысты сөздер Қазақ тіліндегі баламалар
Арина

«күн құдай анасы»

Күшүк  / Қаскук

«ай құдайы»

Шіміге

«шымыр»

«қызғыш»

«жұмақ құдайы»

Діңгір

«құдай»

Хете / Хатай / Хаясы

Кичек

Угарит

12 тайпа Қаска

Қасқа

Газк

Арай

«күн сәулесі»

Қашқыры

«ай ата»

Шымыр

Шімірігу

Шамдану

Жұмақ

Тәңір

«құдай»

Кете / Қытай / Гета / Қаяз /Қият

Қыпшақ

Қоңырат / Кангар

Керейт

12 Ата Байұлы Қазақ

Қасқа

Қазақ

 

Әлем ғалымдарының басым көпшілігі, оның ішінде Ресей ғалымдары (Аверин, Бартольд, Карамзин, Трубачев, Фасмер және т.б.) да орыс тіліндегі Казак сөзінің түп тамыры түркі тілінен болып табылатынын бірауыздан құптайды. Ресми қабылданған деректер бойынша Казак атауының жазба түріндегі алғашқы нұсқасы құман-қыпшақ тілінің «Codex Cumanicus» сөздігінде QAZAQ / ҚАЗАҚ және Ghasal Kosak түрінде кездесіп, «еркін», «кезбе», «көшпенді» және «жасақ» мағыналарын береді. Козак, Козар немесе Қазар сөзі Қазақ сөзінің бір нұсқасы болып табылады. Бұл сөздердің өзегі Қаз түбіріне негізделіп, Қадақ (г), Кадар, Қарақ болып түрленеді. Қазақ атауының әртүрлі нұсқаларын жоғарыда сілтемесі берілген Сыдыкназаровтың Қазақ Хандығының карталар жинағынан да көруге болады.

Мұхамед Хайдар өзінің «Тарихи Рашиди» еңбегінде кез келген адам Қазақ бола алатынын және ол үшін белгілі бір сынақтардан өту керектігін хабарласа, Махмут Қашғардың сөздігінде Қазитган ар – «ешкімге бағынбайтын ер» мағынасында келеді.  

Ал, VII ғасыр айналасында, негізінен, түркі мен бербер халықтарынан тұратын Ғази / Қази, яғни «еркін ұрыс адамы» жасақтары пайда болды. Олар IX – XIV ғасырларда Византия – Селжүк, Византия – Осман ғазават соғыстарында қатысты. Християн мемлекеттері арасындағы, оның ішінде, Ибериядағы Қази – Разия аталды.      

Жоғарыда байқағанымыздай, Қазақ деген славян мен кавказдық халықтардың атауы болған. XIX – XX ғасырлардың өзінде бүкіл Орта Азияны, оның ішінде, қазіргі Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Моңғолия, Ауғанстан, яғни бүкіл Түркістан халқы өздерін Қазақпыз деп атаған. 

ҚОҢЫРАТ ДЕГЕН ЕЛІНДЕ

Казактар Украина мен Ресейде үстем тап саналып, оған қазақ пен татардан бөлек түркінің басқа ұлттары мен славян, грек, осетин және басқа халықтардың өкілдері кірген. 

Русьтің атауын Гардарикпен байланыстырғанымен, тарихи Киев Русінде орналасқан Украинаның атауы одан бөлек қарастырылады. Қазіргі кездегі деректер Украина атауы орыстың ертедегі сөзі оукраина, окраина, окрайна  – «шекаралық аймақ», «шекара», батыс еуропалық mark, marca, marche, латынның margo – «өңір» және крайна –«көк орай», «шалғын» сөздерінен өрбітеді. Осы терминдердің және басқа украиндық сөздердің қазақ тіліндегі сөздермен туысқандығын төмендегі салыстырма кестеден де байқауға болады.

Украина атауының мағыналары  Қазақ тіліндегі баламалар
оукраина 

«шекера аймағы», 

окраина

окрайна 

«шекара» 

mark, 

marca, 

marche

margo 

«өңір». 

краина

«шалғын»

«көк орай»

«шұрайлы»

ой-қыр 

ақыр аймақ

жырақ 

қыр  

 

арқа 

марқа  

қыр

Мерке

қарағайлы

құрайлы

көк орай

Жер Ұйық

Украин (славян рулары) ата-бабалары Қазақ руларымен салыстыру
СклавиСақалиба

Славян 

Угры

Фины

Поляне

Поляб

Древляне

Северяне

Бужане

Бусане

Дулабы

Кривичи

Уличи

Волыняне

Чудь

Меры

СакАлбан /Жағалбайлы

ЫсыАлбан

Унгират

Скифин

Валан

Половцы

92 Баулы

Торы / Дуруд

Сібір елі

Бошай

Дулат

Керей

Алшын

Бұлтың

Құтай

Меркит

 

Киев қаласы мен Киев Русінің атаулары және мағыналары Қазақша баламалар
Кий Шек Қориан 

«қорған»

Хорив

Либидь

«өзен»

«аққу»

Куиова

Киян

«таяқ»,

тоқпақ,

қырат»

Куев

«аққу елі»

Киеу Горду

 «қасиетті 

қала»

Көнигардр / Хунигард 

(Киев қаласы)

«Хун ордасы»

«Күн орда»

Алдейгеборд

(Ладога қаласы)

«аласа өзен»

Алдогу

Аалтокас

«толқынды»

Алоежиоги

Холмгардр

(Новгород)

«көл ортасындағы

қорған»

 

Суздаль

«балшықтан 

жапсыру»

Гардар

Гардарик

(Гхорда)

«қора»

«қорған», 

«қамал», 

«ел», 

«орда»

«қанлық»

«қағанат»

Конугард

Хунигард

«Күнқырат»

«Күн Орда»

Русь

«жер»

«орда»

«халық»

«тайпа»

 «төмендегі адам»

Руз

«күн» (парсы)

Русый

«қызғыш»

Варяг

«жасақ»

«қарақшы»

Киевская Русь

Половетская земля

«поросия / роща»

Кывшақ Қорған

Қышақ Қар Үй

Іле беті

Үлбідей

Кайың

Қия

Қу елі

Қу Үйі

Кие Орда

Кие 

Кие Үй

Қоңырат / Кангарат

«Хун ордасы»

«Күн орда»

Іле Орда

Алаш Орда

Ала доға / Ала дағы

Алтын Қос / Алтын Орда

«аласұрған,

Жайқалған»

Аласа Жайық 

 (Ә.И. – Ладога 

көлі алтын қорына

бай)

Көл Ордасы

Ну Орда

Қаңлы - Қангар

Қалмақ

Саздақ

Саздала

Сазды Ел / Созақ

Қадар / Кердері

Қазар / Қазақ / Қадар

Көк Орда

Қар Орда

Қорған

Қара Терек

Қыр Түрік

Қазақ

Қанғар

Қан Орда

 

Қоңырат

Жарық Орда

Жер Орта

Күн Жұрты

Өріс

Орда

Урус

Ру

Рысты

Ор кісі / Орыс

Ру Ызық

Орыс

РуСи

Урыс

Киевсак РуСи

Қывшақ жазығы

Кивсак өрісі

РЕСЕЙ МЕН УКРАИНАДАҒЫ КЕЛЕСІ ТАРИХИ ЖЕР СУ, ЕЛДІ-МЕКЕН ЕКЕНДЕРДІҢ ҚЫПШАҚ –ТҮРКІГЕ ҚАТЫСТЫЛЫҒЫ РЕСМИ АНЫҚТАЛҒАН БІР БӨЛІГІ 

Қара Тау / Қарадағ, Қарағаш, Куниль, Кульдюров, Товаров, Баруч, Бохмач, Торческ, Алтинівка, Бабайкове, Бабанка, Бакай, Бакали, Бакота, Баришівка, Бармаки, Кобаки, Кобижча, Ковчин, Кодаки, Козарі, Мигалівці, Мурзинці Омбиш, Ордачинов, Ордаша, Печеніжин, Торки, Торчин, Узин және т.б. 

Әр түрлі деректер бойынша, орыс және украин тілдерінде 30% - 50% тіпті одан да көп түркі сөздері бар. Олардың арасында агалик, агел, арашi, арх, баг, байбарак, байлова, байтало, бакай, бакан, бакир, бакрач, баласури, бамия, бармаки, батлама, бачить, башловка, баюри, баштан, бичак, богун, брундук, буджак, выгиреги, габзал, габла, гайдамак, гайшан, гайтан, галай-балай, галатин, гамалия, гамула, гамурдить, гарамия, гич, громак, гундер, дулап, кермес, киндибал, кисир, кишло, курланчуг, далак, дейнека, джаган, джерга, джигира, джура, кавун, капкач, караман, карандич, карган, кач, качковач, коцюба, кузет, кулач, куружий, набовганити, накрама, огир, пари, сака, саклак, салган, семени, сердюк, скинбей, таратура, тарган, тартати, тафа, тифтик, топуз, финджал, филижанка, хараман, чамбул, чапа, чатлак, черга, чикма, чингал, чича, чуманити, юкло, ялак, ялек, ялий, ясик және т.б.

Осы айтылғандардың барлығы Орыс пен Украиндардың Қазақ халқының тарихи бір бөлігі болғанын және Рус пен Украина атауларының Қазақ атауынан өрбитінін, ал Қосақ, Козак, Казак, Қазар, Қыпшақ атауларының Қазақ сөзінің әртүрлі нұсқалары екенін және  Қаз сөзіне негізделіп, көп мағына берітінін көрсетіп отыр. Ол мағыналардың қатарында Ызық, Жаз, Жазық, Жайық, Жерұйық, Жұмақ, Қыдыр, Қызыр, Ғасыр, Орда, Күн Орда, Жарық Орда, Көк Орда, Көк Түрік, Алтын Орда, Мемлекет, Қанлық / Кангарат (Хан Ордасы), Қар Терек (Қара Терек, Бай Терек), Қар Тұрақ (Қыстау), Тарту Тартушы (Тартари), Еркін, Жасақ, Қожаин, Қажы және Тәңірінің АқҚазы, яғни Қаз Ана есімі бар. 

Назар аударатын ерекше маңызды тағы бір  жайт, ол XVII ғасырдың өзінде Украина жері - Қазақ мемлекетінің бір бөлігі болып табылғандығы. Бұл уәжіме француздық картограф Гийом Бопланның 1648 жылы жасаған Украинаның картасында VKRAINE PAYS DES COSAQUE, яғни УКРАИНА дегеніміз ҚАЗАҚ 

ЕЛІ деп тайға таңба басқандай көрсетілгені айқын дәлел. Косақ деген Қазақ сөзінің бір нұсқасы болып табылатынына жоғарыда негіздемелер келтірген болатынмын. Енді оларға қоса Косақ / Cosaque сөзінің Қазақ атауымен сай келетінін Гумилев атындағы ЕҰУ заманауи зерттеу институтының саясаттану ғылымының докторы  Мухит-Ардагер Сыдықназаровтың жинағының ішінде француз картографы Гильом де Лильдің 1724 жылғы Қазақ мемлекетінің картасында да жазылған. Бұл екі картаның салыстырмасын төменде көруге болады.

Француздық картограф Гийом Бопланның 1648 жылы жасаған Украинаның картасы Француз картографы Гильом де Лиль

1724 жылғы Қазақ мемлекетінің картасы

Жоғарыда келтірілген деректер Қазіргі Россия мен Украина аумағының ежелден Қазақ жері болғанын және ол атаулардың Қазақ сөзінен шығатыны мен бірге халық –

тарының да Қазақ болғанын айқындайды. Сонымен қатар, Жағалбайлы руының ежелден келе жатқанының әрі ол атаудың Славян және Клобуки деген нұсқауларының болуы мүмкіндігін көрсетеді. Ал, Украинаның мағынасының тарихи Күнмен байланыс –тылығы Қоңырат атауын негіздейді. Оны скандинавтық деректердегі Конугардр / Хунигард нұсқалары көрсетіп отыр. Сонымен қатар, Көк Түрік пен Хун атауларында Қу / Аққу мағынасының отыруы, бұл мелекеттердің Қазақ атауымен байланыстылығын көрсетеді. Ал, Гардр атауын Хунгардр бір бөлігі деп есептесек, КүнҚазақ Елі болып, ежелгі Шумердің Киенгер – Киенің немесе Ханның жері, Кусаг немесе Кизақ – Түннің немесе Кие жердің басшылары деген атаулардан бастау алатынын кәміл сеніммен айтуға болады.

ТӨЛЕГЕН СІЛТЕГЕН ЖОЛ

Қорытындылай келе, Төлегеннің шыққан руы Жағалбайлы ізімен осыдан 5000 жыл бұрын Қазақ мемлекетінің бар екендігі баяндалып отыр. Хетай мен Қазақ атауларының осы жерде туыстығы байқалды. Кейін Хетай атауы Қазақ Хандығын белгілегенде Гета ретінде кездеседі. Себебі, Қазақтың аңызы бойынша Жайық (Жай Құдай) ең маңызды тәңірлердің бірі болып есептеледі. Осыған байланысты, Гета сөзі Скифсак (Скизей, Кайзайк), Массагете және Джигети (Жай Құдай) атауларында да кездеседі. Тіпті, Қазақ Хандығының Калтзак (Сыдықназаровтың карталар топтамасында бар) деген нұсқауы Галатай / Келт халқының атауымен байланысына сілтейді және келттердің қазақ халқы болып табылатынын мен бұрыннан айтып, жазып жүрмін әрі олардың қатарында «Адырна» порталында жарыққа шыққан «Келттердің Төре Билері» тақырыбындағы мақаламда талдау жасадым. Осы тақырыпқа байланысты бірқатар бейне шығарылымдарым да бар.

Өз кезегінде Хетай атауы Шыңғысханның шыққан тегіне, яғни Қиятқа әкеліп тірейді. Себебі, анасы мен бәйбішесі Қоңырат елінен болатын Шыңғысхан Тәңірге және оның әруағы әрі жердің пірі Қазарға сыйынған. Екінші жағынан Тәңірдің есімі Ақ Қаз екенін ескерсек, онда Қазақ пен Қазар ұғымдары бұл тұста да сәйкестікке ие екені байқалады. Оның үстіне, Моңғол және Қоңырат атауларында Қаз мағынасы отыр. Егер Қоңырат атауында Орда ұғымы отырғанын жоғарыда дәйектер келтірген болсам, Моңғол атауында да сондай мағына бар. Ол мағынаны Моңғол атауының екінші буыны –

қол, яғни «әскер», «жасақ» сөзі береді. Ал, Моңғол атауының бірінші буын мың сөзі парсы тіліне қазар болып аударылады. Сол моңғолдардың тілінде Қазағ сөзі билік мағынасын білдіргендіктен, осы атаумен заңдар жинағын атағаны келтірілген дәйекті негіздей түседі. 

Қаз құсының киелігі Қыз Жібек жырында да атап өтіледі. Оны дастанның мына қатарларынан аңғаруға болады: 

Асып туған Төлеген

Жағалбайлы халқынан

Жабдықтап атын мінеді,

Гауһар, лағыл, алтыннан.

Жолдас ермей елінен,

Жалғыз өзі жөнелді,

Бір ғашықтың зарпынан.

Қаздың даусын есітіп,

Сабыр қылып тұрмады,

Дүниеге мойын бұрмады.

Славяндардың да ата-бабаларын аққудың жұмыртқасынан таратататын, ал орыстар өздерінің ата-бабаларының аққу-қаз болғаны жайлы орыс жырлары да бар. Ол жырлар «волочебная песня» деп аталады. Сондай жырлардың бірін П. В. Шейн Псков губерниясында жазып алған. Аталған жырда келесі қатарлар бар: 

Не гуси летят, не лебеди – 

Христос воскрес на весь свет!

Идут-бредут волочебники,

Волочебники-полуночники.

Скифсак заманында Қазақтар алтын өндіріп, оны Күнмен және дүниенің төрт бұрышымен байланыстырған. Герадоттың айтқан аңызындағы төрт алтын бұйым мен қазіргі заманғы Алтын Адамның қорамсабындағы төрт алтын жебе соның айғағы. Ал, Тәйір Құдай – Тарғын Атадан тараған үш ұл қазақтың үш жүзі әрі дүниенің үш деңгейі болып отыр (көг аспан, тау мен дала, және су мен ойпат). Алайда, жүздердің орналасуы заман өткенде өзгеріп отырған. Оның нышаны ретінде Ұлы Жүз, яғни Ұлы Ұлыс - Қыпшақ қағанатының құрамында Московия немесе Россия болғанын, кейін сол Орыс  – Великая Россия, яғни Ұлы Жүзге айналғанын көріп отырмыз. Бұнда Государство Российское деген тіркесте Жүз (Гусь, Қаз) сөзі барына мән беру керек, яғни Государство деген Гусь Урда, Қаз Тартуы, Қаз Батыр деген сөз тіркестерден шығып тұр. Олай болса, Украина атауы Огарь – «отай (от үйрек, хакасша - қоңырат)», яғни қаз сөзіне негізделіп тұрғанына тағы да көзіміз жетеді. Сәйкесінше, Орта Жүз – Бел Орда, Кіші Жүз – Малороссия (Малая Россия) болып өзгеріп тұр. Егер, «малый» сөзінің қазақша баламасы «малта», «аласа» екенін ескерсек, онда Малароссия  - Алаша Орда және оның ханы Алашахан, яғни Олег болады. Алдейгерборд қаласының жанында Холмгардтың немесе Қалмақ Ордасының орналасуы моңғолдардың Алтын Ордада аяқ астынан пайда болмағанын көрсетеді. Өйткені, Қалмақ, яғни Моңғол халқының бір атауы Қаңлық. Жалпы, моңғолдардың тарихи атауы – Құман және Татар немесе Құман Ордасы. Татар атауы ежелгі Қытай және Византия деректерінде де солай кездеседі. Осы тұрғыда, Гардар мен Татар сөздерінің де туыстастығын көреміз. Осы Татар атауын Батыс мемлекеттері бүкіл Шыңғысхан қағанатының аумағына XIII ғасырдан бастап XVIII ғасыр аяғына дейін қолданған және «тозақ» деген мағына таққан. Оның себебі Татар елін жер асты әлемімен байланыстырған. Бір жағынан, бұл Батыстың сол кездегі «ақпараттық соғыс» тәсілі, яғни «пропагандасы» болса, екінші жағынан бұл түркі халықтарының адамды жерге тапсыруымен байланысты деп ойлаймын. Түркі халықтарының сенім-нанымында жерасты әлемі арқылы жұмаққа баруға болатын еді. Сондықтан жұмақты – Жерұйық деп те атаған. Ол сөзідің Шумердегі баламасы – Кур. Тіпті Қазіргі Украина аумағында Төментарған деген қала мен мемлекет те болғанын және оның Рус мемлекетінің астанасына айналғанын мен жоғарыда атап өткен болатынмын.

Демек, Қыпшақ – Қазақ империясының Алтын Орда атауы IX ғасырда да бар болғанын скандинавтық деректердегі Алдейсгеборд немесе Аалтогард атауы айғақтайды. Осыған орай сол кездегі Алтын Орданың бір атауы Мәмлүк Сұлтанаты, яғни Қазақ Мемлекеті болғанын көреміз. Сондықтан, Қазақ империясының Батыс деректерінде Русский Каганат болып танылуы да ғажап емес. Осы себептен мен Қыз Жібек оқиғасының XVII ғасырдан әлде қайда ерте заманда болды деп есептеймін. Дей тұрсақ та, XVII ғасырдағы Украинаның Қазақ Елі ретінде сол заманның картасында болуы жырдағы тарихи жағдайдың ресми қабылданған кезеңімен де сай келеді. Ал, Украинаның құдайы көршісі Венгрия / Қонгрияның халқының қаны Арал аумағындағы қазақтардікіне қазірдің өзінде 80% жақындықты көрсетсе, Украина халқы мен қазақтың Кіші жүзі XVIII ғасырда көп сәйкестің көрсеткен болар еді. Себебі, Украиндықтар арасында әлі кезге дейін өздерінің қыпшақ ата-тектерін ұмытпайтындар аз емес.

Әділбек Ишанбекұлы    

  

 

Пікірлер