"Халықты ашындыруды доғарыңыздар!" Лодочников жаңа тәртіпке қарсылық білдірді

1654
Adyrna.kz Telegram

Елімізде ұшаққа алып кіруге болмайтын заттар тізімі жарияланды. Тізімде қол жүгімен бірге алып жүруге болмайтын сусабын, иіс су, шашқа арналған гельдер сынды бірқатар заттар көрсетілді. Қоғам белсендісі Алексей Лодочников бұған қатысты пікір білдіріп, қарсылығын жеткізді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Мен тіпті видеоны түсірудің ыңғайын таппай отырмын. қалай! Менің сөзім жоқ. Сіз қашан біздің жайымызды ойлайсыз? Қашан халық қамын жейсіз?

Біз осы Заң мен тізімді қайта қарауды талап етеміз. Халықты ашындыруды доғарыңыздар! - деді қоғам белсендісі.

Еске сала кетейік, ұшақ ішіне алып кірітен қол сөмкеге, енді сүрме, ерін далабы, тіс пастасын салуға тыйым салынды.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі, ұшаққа өзіңізбен бірге алуға болмайтын бірқатар заттың тізімін бекітті. Нақты айтқанда, 100 мл-ден асатын косметикалық сұйықтықтар, оған сусабын, иіс су, шашқа арналған гельдер, жақпа майларды бортқа алып кіруге болмайды.Бұдан бөлек сусындар мен кез-келген сұйық тағамдарды тасымалдау үшін багаж алу міндеттелмек.Жаңа құжат енді 13 тамыздан бастап күшіне енбек.

"Адырна"  ұлттық порталы

 

 

Пікірлер