Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады - Тоқаев

1727
Adyrna.kz Telegram
Фото: Akorda.kz
Фото: Akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай күніне орай Қазақстан халқын құттықтады. Бұл туралы ол өзінің Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Баршаңызды Абай күнімен құттықтаймын! Хакім Абай – ұлт руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосқан кемеңгер. Ұлағатты ұрпақ тәрбиелеу ісінде Абай өсиетінің маңызы зор. Адал азамат ұғымы ұлы ақынның «толық адам» тұжырымынан бастау алады. Біз Абай мұрасын насихаттауды жалғастыра береміз, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2020 жылдың 4 тамызында Үкіметтің арнайы қаулысы шығып, «Қазақстандағы мерекелік күндердің қатары «10 тамыз - Абай күні» деген тармақпен толықтырылған болатын.

Еске салайық, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Түркістістанда өткен Ұлттық құрылтайдың «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші отырысын өткізген болатын.

Онда Тоқаев Абай облысында болған алапат өрттің ауыр қазаға әкелгенін еске алып, біз мұндай оқиғадан сабақ алуымыз керегін, нақты шешімдер қабылдауымыз қажетін айтқан болатын. Сондай-ақ, облыстарды көркейтуге көңіл бөлуді тапсырған еді.

 

Пікірлер