Астанада 6 жасар бала терезеден құлап кетті

1763
Adyrna.kz Telegram

Астанада 9-қабаттың терезесінен 6 жасар бала құлап кетті. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Оқиға 9 тамызда болған.
Алған жарақаттарынан алты жасар бала сол жерде қайтыс болды. Бұл факт бойынша тексеру жүргізіледі. Сараптама жасалады, - дейді ведомство.

Сондай-ақ, полиция ата-аналарға үйдегі сақтық шараларын күшейтуді айтып дабыл қағып жатыр.

Егер сіздің балаңыз үйде болса, терезелерді ашық ұстамаңыз. Ешқашан москит торларына сенбеңіз, балалар оған сүйенем деп, москит тормен бірге құлап кетеді. Балаңыз терезені өздігінен аша алмауы үшін терезелерге арнайы қорғаныс жүйелерін: құлыптар, блокаторлар орнатыңыз, - дейді полиция.

Пікірлер