Абайға ұстаз Ризауддин. Зираты табылғаны хабарланды

1363
Adyrna.kz Telegram

Абайға ұстаз Ризауддиннің зираты табылды. Бұл туралы Абай музейінің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Бүгін Абай күніне аясында Семей қаласындағя  Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік музей-қорығында бірқатар мәдени шаралар өтті.

Атап айтсақ, музей ауласындағы «Ұлы ақын ұлдарымен» ескерткішіне гүл қою рәсімінен бастау алып,  Абай оқыған медресе имамы, ақынның ұстазы Ризауддин Уәлитұлының жақында табылған зираты жайында «Білімдіден шыққан сөз...» тақырыбында дөңгелек үстелмен жалғасты.

Дөңгелек үстелге бірнеше ай бойы қаланың ескі зиратындағы қабір тастарын зерттеген жергілікті тарихшы Мадияр Насыров және қаланың дінтанушы, тарихшы ғалымдары, мәдениет саласының өкілдері қатысты.

Абайдың ұстазының жерленген қорымы ескі татар бөлігі мен Шығыс кентінің ортасында орналасқан оң жағалаудағы Ертіс өзені бойындағы төбеден табылған. Тарихшының айтуынша, қорымның ортаңғы бөлігінде көбінесе діни қайраткерлер мен көпестердің қабірлері кездеседі.

Тарихшы ғалымдар алдағы уақытта әлі де зерттеу жұмыстары жүргізілетінін айтты.

Пікірлер