«Слава УКРАЇНI» қайырымдылық қоры тіркелді

1725
Adyrna.kz Telegram

«Слава УКРАЇНI» қайырымдылық қоры заңды түрде тіркелді. Бұл туралы қор басшысы Тұрарбек Құсайынұлы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Иә, дәл қазіргі уақытта азат Украинаға барлық өркениетті елдер ресми көмек беруде,бірақ бұл қаржылық көмек негізінен заманауи қару-жарақ пен Украина қарулы күштеріне қолдау ретінде болып жатыр. Өйткені Отанын басқыншылардан қорғаған Украина әскерилері мен сарбаздары мемлекеттің негізгі қорғаушысы болып табылады. Ал ақиқатында тәуелсіздікті аңсаған Украинада миллиондаған адам үйлерінен, жылдар бойы жинаған дүниелерінен айырылды және қаншама жетім-жесір мен бүлдіршін сәбилер Ресей снарядтары мен Иран дрондарының кесірінен әке-шешесіз тұл жетім һәм мүгедек болды.

Әсіресе, майдан шебіндегі және азат етілген аумақтардағы адамдарға өте қиын. Құрметті Отандастар! Баршаңызды тағдыры қазаққа өте ұқсас ержүрек Украина халқына Қазақ елінің атынан аталмыш гуманитарлық бағытта көмек көрсететін қайырым қорды бірауыздан қолдауға шақырамын!»—деді ол.

Пікірлер